Қоғам

Облыста қанша басшы әйел бар?

«Әйелдер жүрген жерде әрдайым адалдық, объективтілік пен алға ұмтылу бар» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, қазіргі кезде өзінің өнегелі ісімен лауазымды қызметін абыройлы атқарып, қай салада болмасын толағай табыстарға жетіп жүрген басшы азаматшалар баршылық.

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұсынған мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың соңындағы жағдай бойынша, қалалар мен аудандардағы 13241 кәсіпорын мен ұйымның 2715-ін әйелдер  басқарады екен.

Сонымен қатар асыл жандар кәсіп ашу жағынан да қалыс қалған емес. Мәселен, былтыр «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша субсидияланған жобалардың жалпы саны 1049 болса, оның ішінде әйелдердің 121 жобасы бар. Ал «Даму» қорынан берілген 40 кредиттің 9-ы әйел адамдарға рәсімделіпті.

Облыста 27 308 көпбалалы отбасы бар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны – 10969.

Тағы бір қызықты дерек, 79 бұқаралық ақпарат құралы басшысының 20-сы – нәзік жандар.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button