Қоғам

Облыста қанша адам екпе алды?

Коронавирус індетінің таралуын тежеу үшін алдымен санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Сондай-ақ инфекциядан қорғанудың ең төте жолы – екпе салдыру.

Қазіргі уақытта індетке қарсы екпелердің түр-түрі шығуда. Қоғамның бір тобы екпе салдыруды қос қолын көтеріп қолдап жақтаса, енді бір тобы сенімсіздікпен қарайды. Өзіміз жиі үлгі ететін өркениетті елдерде халықтың басым көпшілігі екпе салдырып алды. Ал бізде ше?

Кейінгі мәліметтерге жүгінсек, 1 сәуірге дейін облыста барлығы 8653 тұрғын екпе алыпты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған дерекке көз жүгіртейік.

СОVID-19-ға қарсы екпенің бірінші компонентін:

–      14 мемлекеттік қызметкер;

–      157 созылмалы ауруы бар науқас;

–      403 мұғалім;

–      410 күш құрылымында жұмыс істейтін қызметкер;

–      107 тәртіп сақшысы;

–      88 медициналық-әлеуметтік және балалар мекемелерінің қызметкері;

–      7282 дәрігер;

–      189 тұрғын;

–      3 студент салдырған.

Осы орайда екпе салдырған жерлестеріміздің бірі өзінің хал-жағдайы бір қалыпты, көңіл-күйі жақсы екенін айтты.

– Екпе алуға өз еркіммен келістім. Өйткені мен балалармен жұмыс істеймін ғой. Мен өзгелер сияқты екпе туралы тарап жатқан ақпаратқа сенбедім. Оның орнына дүниежүзілік ғалымдардың ой-пікірлерін оқыдым, екпенің құрамымен таныстым. Дәрігерлер екпе салу тәртібін айтып, түсіндірді. Үнемі хабарласып хал-жағдайымды сұрап тұрды. Екпе алғанда сезбей де қалады екенсің. Қазір жағдайым жақсы, – дейді . №1Самар  орта мектебінің ағылшын пәні мұғалімі Анар Ахмадиева.

Дәрігер, ұстаз, тәртіп сақшысы, сатушы, кондуктор… кім болсақ та қоғамнан тыс өмір сүре алмаймыз. Ендеше өзімізді ғана емес өзгелерді де ойлайық.

 

Балауса ҚОЖАЕВА

 

Осы айдарда

Back to top button