Қоғам
Облыста күз басталғалы он мыңға жуық адам жіті респираторлық вирус инфекциясын жұқтырды.
Өңірде қыркүйек айында 3628 адам жіті респираторлық вирус инфекциясын жұқтырған. Ал қазанның басынан бері 6001 адам ЖРВИ-ге шалдықты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,7 есеге төмендеп отыр.