Қоғам

Облыста ең жиі қойылған есімдер қандай?

Облыста ең жиі қойылған есімдер қандай?

Жыл басынан бері облыс орталығында жаңа туған нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер Платон мен Айзере болды.
Мамандардың айтуынша, Өскеменде ер балаларға ең көп қойылған ныспылар арасында Платон, Тимофей, Ерасыл, Санжар, Арсений, Кирилл мен Алдияр сияқты есімдер көш бастап тұр. Ал қыз балаларға көбінесе Айзере, Айару, Арина, Алина, Кристина, Інжу мен Іңкәр сынды есімдер жиі қойылады екен.
Ал ең сирек кездесетін есімдерге келетін болсақ, бұл тізімде Мүслім, Берен, Самир, Мағди, Ализар, Кербез, Володар, Әлинсан сияқты ер балалар аттары мен Исра, Арудана, Сафина, Рәбиа және Сұлтанбегім тәрізді қыз бала есімдері ерекшеленіп тұр, дейді мамандар.
Сонымен қатар, биыл жаңа туған нәрестеге атақты қоғам қайраткерлерінің есімін беру жағдайлары да тіркелген екен. Атап айтқанда, Өскеменде Нұрсұлтан, Даниал, Дінмұхаммед, Қасымжомарт сынды жас тұрғындар пайда болыпты.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button