БілімТОП

Облыста 8 204 түлек мектебімен қоштасады

Еліміздің барлық мектептерінде 1-10-сыныптарға арналған соңғы қоңырау алғаш рет онлайн форматында өтті. Оқушыларды бұл атаулы мерекемен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен облыс әкімі Даниал Ахметов құттықтады.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға әлемдік пандемияға байланысты шектеулі шаралар кезіндегі қиындықтарға қарамастан оқу жылын жақсы нәтижемен аяқтағаны үшін алғысын білдірді.

– Құрметті оқушылар мен түлектер, ұстаздар мен ата-аналар! Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы жыл ерекше болды. Біз түлектерді бірінші рет карантин жағдайында мектептің табалдырығынан шығарып салғалы отырмыз, бірақ бұл жағдай оларға салтанатты түрде аттестат тапсыру сияқты дәстүрлі мерекені бұза алмайды. Атқарған жұмыстарыңыз бен өңірдің білім беру саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Биыл облыста 8 204 түлек алтын ұя-мектебімен қоштасады. 746 түлек «Алтын белгі», 447 оқушы үздік аттестатпен марапатталады.

Мектеп бітіретін түлектердің арасында халықаралық және республикалық зияткерлік турнирлердің жеңімпаздары, дарынды музыканттар мен суретшілер, байқаулар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары бар. Олардың ішіндегі ең дарындылары еліміздің және әлемнің беделді оқу орындарынан шақырту алды.

Айжанат Бақытқызы

Осы айдарда

Back to top button