Облыс әкімі есеп береді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы АХМЕТОВТІҢ тұрғындар алдындағы есебі 2017 жылғы 22-ақпанда сағат 11.00-де облыстық драма театрында өтеді. Мекенжайы Өскемен қаласы, Қ.Сәтпаев даңғылы, 82 А.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі есебінің тезистеріне ұсыныстар мен ескертулеріңізді барлық деңгейдегі әкімдіктер ғимараттарында орнатылған ұсыныстар мен ескертулер жинауға арналған жәшіктер арқылы немесе облыс әкімінің www.akimvko.gov.kz сайтындағы «Сұрақ-жауап» айдары арқылы бере аласыздар.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тұрғындар алдындағы есепті баяндамасының тезистері
Шығыс Қазақстан облысы 2016 жылды әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі индикаторларын оңды серпінмен аяқтады.
Жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) 2016 жылы 2,6 трлн. теңгеге бағаланады, мұнымен қоса ЖӨӨ нақты көлемінің индексі өткен жылдың деңгейіне 104%-ды құрайды. Өңірдің ЖӨӨ серпіні негізгі салаларда біршама дәрежеде оңды қарқынды сақтаумен шартталды.
Барлық деңгейдегі бюджеттерге облыстан 340 млрд. теңге аударылды, ол 2015 жылдан 42,1%-ға жоғары, соның ішінде жергілікті бюджетке 92,3 млрд. теңге түсті (13,7% өсіммен).
Орташа айлық номиналды еңбекақы көлемі 2016 жылы 15%-ға артты және 119 мың теңгені құрады, тұрғындардың ақшалай кірісі 2016 жылдың 9 айына өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсті.
Өнеркәсіп
Өнеркәсіптік кәсіпорындар 1437,3 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызмет көрсетулер) өндіріп, ол өндірістің республикалық көлемінде 7,7%-ды құрады. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлемі индексінің көрсеткіші 2015 жылдың деңгейіне 105%-ға бағаланады.
Тау-кен өнеркәсібінде және кеніш орындарын әзірлеуде 118,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, ол 2015 жыл деңгейінен 25,1%-ға артық. Түсті металл кендерін алу көлемдері 32,7%-ға, табиғи газ 23,1%-ға өсті.
Өңдеуші өнеркәсіптерде 1214,2 млрд. теңгеге өнім шығарылды, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда есепті кезеңде нақты көлемінің индексі 100,4%-ды құрады. Металлургия өнеркәсібінде – 6,5%-ға, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндірісінде – 45,9%-ға, негізгі фармацевтикалық өнімдерде – 36,5%-ға, ағаш өнімдерінде – 13,8%-ға, резеңке және пластмасса өнімдерінде – 12,3%-ға, машиналар мен құрылғылардан басқа дайын металл өнімдерінде – 5,4%-ға, баспада және жазылған материалдарды қосуда – 32,3%-ға және жеңіл өнеркәсіпте – 3,2%-ға өсім байқалды.
Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016 жылы 5 млрд. теңгеге 6 жоба іске асырылып, 388 жаңа жұмыс орны құрылды.
Агроөнеркәсіп кешені
Жоғары өнімділік пен мал шаруашылығы өнімі өндірісінің өсімі ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің 2015 жылдың деңгейіне 105,1%-ға артуын қамтыды. Дәнді дақылдардың соңғы жылдардағы рекордты өнімі алынды. Астықтың жалпы жиыны 1 млн. тоннадан астам болды, яғни, өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда орташа өнімділікте 1,5 есе өсімімен гектарынан 18,1 центнер.
Ет (5,8%-ға), сүт (5,9%-ға), жұмыртқа (1,9%-ға) өндірісі артты. Облысымыз көлемдердің үлес салмағы бойынша сүт өндіруден республикада бірінші орынға (15,8%), ет өндіруден екінші (15,2%), жұмыртқа өндіруден тоғызыншы (3,1%) орынға ие.
«Сыбаға», «Алтын Асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша етті мал шаруашылығын одан әрі дамыту үшін 4,1 мың ірі қара мал (ІҚМ) басы, 5,3 мың қой, 1,8 мың жылқы сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруда жұмыстар жүргізілуде. 73 кооператив тіркелді, соның ішінде сүт өндірісі мен етті қайта өңдеу бойынша – 47, балық өсіру – 5, ара шаруашылығы – 5 және өсімдік шаруашылығы – 16 кооператив.
Бір мезгілде 25,4 мың бас сыйымдылығын ұстаумен және тірі салмақтағы 13,4 мың тонна етті жылына өндірумен 78 мал бордақылайтын алаң қызмет етеді.
Сүтті мал шаруашылығын дамытуда жұмыстар жалғасын табуда. Барлығы 8,6 мың бас малға заманауи құрылғылармен жабдықталған 6 тауарлы-сүт фермасының құрылысы аяқталып, 17-сі қайта жаңғыртылды.
Инвесторлар шығындарын іс жүзінде төмендету мен қысқарту үшін құжаттаманы жобалауға (инвесторлардың шығындары ферманы жобалау кезінде жергілікті жерге жобаны байланыстыру ғана болады) ТСФ құрылысына үлгілік бизнес-жоспарлар мен жобалық-сметалық құжаттама әзірленді (200, 400, 600, 2х200, 2х400, 2х600 бас сыйымдылығымен).
Агроөнеркәсіптік кешенге инвестицияларды тарту, сонымен қатар, экспорттық әлеуетті арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Өткен жылға 10%-ға өсіммен 46 млрд. теңге тартылды, соның ішінде 2015 жылмен салыстырғанда мемлекеттік қолдау барлық инвестициялардың үштен бір бөлігін (16,4 млрд. теңге) құрады.
Облыста 200,7 мың га жыртылған жер бар, олардың өткен жылы 82,6 мың га (41,1%) пайдаланылды.
Тарбағатай ауданында Тебіске ө. су торабын, Үржар ауданында «Ақтоған» магистральды арнасымен Келді-Мұрат ө. бөгеттік су торабы мен Егінсу ө. су қоймасы құрылысын жалпы 9,6 мың га аспалы ауданымен қайта жаңғырту аяқталды. «Үржар ауданы Қусақ ө. су торабын қайта құру» жобасы 2017 жылы іске асырылады.
Инвестициялар
2016 жылы облыстың экономикасы мен әлеуеметтік саласына 436,5 млрд. теңгеден артық инвестициялар салынды, ол 2015 жылға қарағанда салыстырмалы бағада 0,5%-ға артық. Инвестициялық қызмет нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан республиканың басқа өңірлері арасында 5-ші орынға ие болды.
Өнеркәсіпті дамытуда маңызды инвестициядар алынды – 342,1 млрд. теңге, немесе облыстың барлық инвестициялық салынымдарының жалпы көлемінен 78,4%. Инвестициялық әлеуеттің осындай артуы тау-кен және өңдеуші өнеркәсіптің ірі кәсіпорындарын берді. Сонымен қатар, аса ірі инвестициялар электрмен қамтуға – 45,6 млрд. теңге, жылжымайтын мүлік операциясына – 28,7 млрд. теңге, көлік пен қоймаға – 17,3 млрд. теңге, ауыл шаруашылығына – 12,8 млрд. теңге, сумен қамтуға – 9,4 млрд. теңге, білім беруге – 8,4 млрд. теңге, жеке және көтерме саудаға – 6,0 млрд. теңге бағытталды.
Негізі капиталға инвестицияны қаржыландырудың негізі көзі жалпы көлемнен 48,8%-ды құрайтын қарыздық қаражаттар болды, кәсіпорынның меншік қаражаты – 39,9%-ды, республикалық бюджет қаражаты – 6,6%-ды, жергілікті бюджет қаражаты – 3,2%-ды, банк несиелері – 1,5%-ды құрайды.
Кәсіпкерлік
2016 жылы әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2015 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға өсті және 99 мың бірлікті құрады.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдаудың бірегей бағдарламасы аясында мемлекетпен сыйақы ставкасын субсидиялауға 1,7 млрд. теңге, несиелер бойынша кепілдікке – 246,5 млн. теңге бөлінді, 47 млн. теңгеге өз ісін бастаушы кәсіпкерлерге гранттар берілді. Машина жасау, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдары саласында бизнестің субъектілерімен іске асырылатын жобаларына инфрақұрылымдар құрылысына 4,2 млрд. теңге жіберілді.
Бүгінгі күні облыста Өскемен және Семей қалаларында 2 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚО), облыстың барлық қалалары мен аудандарында 19 кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы (КҚО) жұмыс істейді. Кәсіпкерлерге мобильді қолдау көрсету орталығы (КМҚО) – жабдықталған автобус оқыту семинарларын, кеңестер мен кәсіпкерлермен кездесу өткізу үшін моноқалаларға, шағын қалаларға, аудандық орталықтарға және басқа шалғай елді мекендерге бару үшін қызмет көрсетеді.
«Бір терезе» аясында клиенттерге қызмет көрсету қағидаларын сақтауда мемлекеттік қаржылық емес қолдау шараларын көрсету бойынша КҚО, КҚО мен КМҚО қызметтері шағын және орта бизнес субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға өтеусіз негізде көрсетіледі.
Орталықтардың жұмысы басталуы кезінен мына кеңестер көрсетілді: КҚО – 34 258 қызмет бойынша (соның ішінде 2016 жылға – 8 929), КҚО – 47 288 қызмет бойынша (соның ішінде 2016 жылға – 18 792), КМҚО – 2 418 қызмет бойынша (соның ішінде 2016 жылға – 1109).
Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша өңдеу өнеркәсібінде 3,6 млрд. теңгеге кәсіпкерлердің жобалары жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша (6%) қаржыландырылды.
Бөлшек тауар айналымы және тұтыну бағаларының индексі
Бөлшек тауар айналымы 2016 жылы 720,3 млрд. теңгені құрады. Сауда кәсіпорындарының тұтыну тауарларын сатуы 175,0 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлер, соның ішінде нарықта сатушылар – 545,3 млрд. теңге. Қолданыстағы бағада тауар айналымы көлемі 2015 жылға қарағанда 20%-ға, сәйкестендіру бағасында 1% ұлғайды.
2015 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының 108,3% құрады. Ең үлкен өсім азық-түлік тауарларына (110,1%) және азық-түлік емес тауарларға (110,5%) қалыптасты. Халыққа қызмет көрсету 104,1% қымбаттады, оған себеп болған ыстық су мен жылу бағасының өсуі (105,7%), канализация – (121,4%), денсаулық сақтау қызметтері (113,4%), білім беру (106,3%), байланыс (100,4%), көлік (105,2%).
Сыртқы сауда айналымы
2016 жылдың 11 айында 2015 жылдың тиісті деңгейіне 8,8% төмендеп, 3374,1 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде тауар экспорты 2,3% ұлғайып, 2019,6 млн. АҚШ долларын, импорт – 21,5% азайып, 1354,5 млн. АҚШ долларын құрады.
Сыртқы сауда айналымының оң сальдосы қалыптасты – 665,1 млн. АҚШ долларын құрады.
Сыртқы сауда айналымының басым бөлігі шекаралас елдерге тиесілі: Ресей – жалпы сыртқы сауда айналымынан 29,6%, ҚХР – 16,2%.
Халықаралық ынтымақтастық
2016 жылдан Шығыс Қазақстан облысы мен ҚХР Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы 300,1 млрд. теңгеге 9 инвестициялық жобаны іске асыратын ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп және ағаш өңдеу салаларында Жол картасы, сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, туризм, мәдениет және спорт салаларында ынтымақтастықтың біріккен жоспарлары жүзеге асырылуда.
Жол картасы аясында Үржар ауданында темір бетонды өнімдерді шығару бойынша зауыт ашылды, 47 жұмыс орны құрылды. Көкпекті ауданынан ҚХР мұздатылған балық пен балық өнімдерін экспорттау басталды, 2016 жылы 117 тонна экспортталды.
Өскемен қаласында «Алтай Invest-2016» Халықаралық инвестициялық форумы өткізіліп, онда әлемнің 14 елінен 300-ден астам делегат қатысты. Форумда 926 млрд. теңгеге 84 жоба таныстырылды.
Форум нәтижелері бойынша өнеркәсіптік өндіріс, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм сияқты салаларда 253,3 млрд. теңгеге 38 келісімшарт пен меморандумға қол қойылды.
Банк саласы
Банктерде берілген несиелердің көлемі облыс бойынша 2015 жыл деңгейіне 7,4%-ға төмендеді, соның ішінде несие беру заңды тұлғаларға шетел валютасында 51,5%-ға, ұлттық валютада 8,5%-ға қысқарды.
Мұнымен қоса, депозиттер көлемі 31,5%-ға өсті, соның ішінде өсім ұлттық валютада 2 есені, шетел валютасында 1,6%-ды құрады, заңды тұлғалардың салымдары 2 есеге, тұрғындардікі 18,5%-ға өсті.
Тұрғын үй құрылысы
2016 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру алдыңғы жылға қарағанда 6,9%-ға өсті және 340 мың ш.м. құрады.
Тұрғындардың денін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы іске асырылады. Облыста 50,6 мың ш.м. жалпы ауданымен жалдамалы коммуналдық тұрғын үйдің 707 пәтері енгізілді және жергілікті атқару органдарының несиелеу есебінен салынған тұрғын үйдің жалпы ауданынан 63,4 мың ш.м. немесе 769 пәтер. Облыс тұрғындарына 117,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.
2016 жылға тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 25,8 млрд. теңгені құрады.
«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру
«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста 2016 жылы 12,7 млрд. теңгеге 28 жоба аяқталды. 3 мектеп, 2 көппәтерлі тұрғын үй салынып, тұрғын үйлерге желілер құрылысы бойынша 11 жоба іске асырылды. 12 жылумен қамту және сумен қамту нысаны пайдалануға берілді, 15 км жылу желілерін және 4 жылу көзін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді. 27 км су өткізу мен кәріздік желілер салынды және олар 2016 жылдың соңында инженерлік желілердің Өскемен қаласы бойынша 1,4%-ға, Семей қаласы бойынша 2,3%-ға тозуын төмендетуге себін тигізді.
1,5 мың км-ден астам, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында 866 км ұзындығымен «Екібастұз – Шүлбі ГЭС – Өскемен ВЛ 500 кВ құрылысы» жобасы аяқталды. Аталған жоба Ресей Федерациясының бірегей энергетикалық жүйесі желісі арқылы электр энергиясы транзитінен тәуелсіз түрде облыс тапшылығын жабуға септігін тигізді.
Автомобиль жолдары
Облыстың жолдарына 15 млрд. Теңгеден астам бөлінді. Жол-жөндеу жұмыстары алдымен орта жөндеуге бағытталды және ол 389 км автомобиль жолдарын қамтыды (221 км – облыстық маңыздағы).
Алакөл көліне, Өскемен қаласынан «Нұртау» шаңғы базасына дейін, сонымен қатар, Күршім-Қалжыр, Өскемен-Тарғын-Самар, Бородулиха-Шемонайха бағыттары бойынша жолдар жөндеуден өтті.
Аягөз қаласы мен Ақсуат ауылы аралығындағы 78 км ұзақтығымен учаскеде және Ұлан ауданы Сібе көлдері бағыты бойынша жолдарда орта жөндеу жүргізілді.
Сондай-ақ, елді мекендерде 40 км-ден астам көшелік-жолдық желілер жөндеуден өтті (Өскемен, Семей, Аягөз қалаларында, Абай, Бесқарғай, Зырян, Көкпекті, Күршім, Шемонайха аудандарында).
Жалпы алғанда, аталған іс-шараларды іске асыру 2016 жылға қойылған міндеттерді орындауға және автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 76,5%-ға дейін арттыруға әкелді.
Авиа және теміржол қатынастарын субсидиялау
Әр жыл сайын әлеуметтік-маңызды авиа және теміржол қатынастарын субсидиялауға қаражаттар бөлінеді. 2016 жылы облыстық бюджеттен 505,8 млн. теңге бөлінді (соның ішінде 182,2 млн. теңге «Өскемен-Семей-Үржар», «Өскемен-Зайсан» авиақатынастарын субсидиялауға және 323,6 млн. теңге «Защита-Зырян», «Защита-Лениногорск» теміржол қатынастарын субсидиялауға).
Әлеуметтік маңызды авиарейстер жылына 7 мыңнан астам жолаушыларды және теміржол қатынастары 118 мыңнан астам жолаушыларды тасымалдауды қамтиды.
Жұмыспен қамтамасыз ету
Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру есебінен облыста 2016 жылы 16,8 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады.
«Бизнестің жол картасы – 2020» іс-шараларымен 16,9 мың адам қамтылды, 4,6 мың жұмыс орындары құрылды. Бір жылда 1,1 млрд. теңгеге 442 шағын несие берілді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша бөлінген қаражаттар есебінен 5,4 млрд. теңгеге 620 жоба бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, соның ішінде: 157 білім беру нысаны (126 мектеп, 7 колледж, 22 балабақша және 2 басқа), 89 денсаулық сақтау нысаны (34 аурухана, 2 емхана және басқалар), 219 инженерлік нысан және 145 көлік инфрақұрылымы нысаны, 10 спорт және мәдениет нысаны.
Еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 13 жеке қызметтік үйлерге қол жеткізілді (Жарма ауданында – 9, Үржар ауданында – 4). Өскемен қаласында жұмысшы жастар үшін 2 жатақхана құрылысы аяқталды.
Білім беру
2016 жылы 1940 оқушы орындарымен 6 мектеп пайдалануға берілді, соның ішінде 1340 орындық 5-еуі апаттық мектептер орнына және оқушы орны тапшылығы бойынша 600 орындық бір мектеп. 6 мектеп пен балабақшаның құрылысы жалғасуда.
Мектепке дейінгі білім берумен балаларды толық қамту мәселесін шешу үшін 2691 орындық 35 балалардың мектепке дейінгі мекемесі ашылды, соның ішінде 4 мемлекеттік балабақша, 19 жекеменшік мекеме, 4 шағын орталық және әрекеттегі балабақшалар мен шағын орталықтардағы қосымша топтар, мектеп-балабақша кешеніне 8 мектеп қайта ұйымдастырылды.
Өскемен қаласында 5, Семей қаласында 7, Жарма ауданында 2 жекеменшік балабақша және Абай, Бесқарағай, Глубокое, Үржар мен Шемонайха аудандарында бір балабақшадан ашылды.
«Мейірім» жобасын іске асыру жалғасуда, ол демеушілермен бірге ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын шешуге көмектеседі. Акция кезеңінде тұрғын үймен 581 адам қамтылды, балалар шоттарына 271 млн. теңге аударылды.
2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша үштілді білім беруді ендіруде қанат қақты жоба болып белгіленді. Жергілікті бюджеттен 1,3 млрд. теңгеге қаржыландырудың жалпы көлемімен аталған бағыт бойынша кешенді үшжылдық жоспар әзірленді.
Бірінші кезеңі орыс мектептерінде қазақ тілін, қазақ мектептерінде орыс тілін және ағылшын тілін оқытудың тиімсіздігінің негізгі факторы білім беру әдістемесінің жетілмегендігі болып табылатынын көрсетті. Сондықтан 2016 жылы «Cambridge University Press» баспасының ағылшын тіліндегі бірдей оқулықтардың 350 мың данасы сатып алынды, облыстың аудандары мен қалалары профессор Ф. Оразбаевамен әзірленген орыс мектептеріне заманауи қазақ тілі оқулықтарымен қамтылды және Е.Хамраеваның авторлығымен Қазақстанға бейімделген қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тіліндегі деңгейленген оқулықтар да сатып алынды.
Сонымен қатар, аталған жоспар аясында 3400 оқытушыға тілдік тәртіп бойынша диагностика жүргізілді. Біліктілікті жоғарылату мақсатында педагогтардың барлық санаттары үшін жаңа әдістеме бойынша орыс мектептеріндегі 1178 қазақ тілі оқытушысы, қазақ мектептеріндегі 985 орыс тілі оқытушысы және ағылшын тілінің 1291 оқытушысы оқытылды. Олар облысқа шақырылған ағылшын тілі ана тілі болып табылатын мамандардан курстық дайындықтардан өтті.
Ағылшын тілі мұғалімдерін ауызша сөйлеу және сабақ беру әдістемесі практикасын жетілдіру үшін 3 оқыту орталығы ашылған (Өскемен, Семей және Зайсан қалаларында).
Бүгін облыста мүмкіндігі шектеулі 15 мыңнан астам бала тұрады, оның 85%-ы тәрбие және білім берумен қамтылған.
2016 жылы облыс орталығында алғашқы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылған, республикалық аумақтағы бірегей 100 орындық «Ақ ниет» интернаты ашылған, ол үйде оқытылатын балаларға қатарластарымен оқуға мүмкіндік берілді.
Бүгінгі күні облыстың 128 мектебінде (19,5%) инклюзивті білім алуға жағдай жасалған, онда 1746 (11,7%) бала қамтылған.
Жалпы білім беретін мектептің білім беру бағдарламасы мен кәсіби білімді интеграциялау есебінен жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлау сапасын жоғарылату мақсатында облыста «Мектеп-Интернат-Колледж» жобасы бастама етілген, республикада аналогы жоқ, мұнда екі жылда орта жалпы білім туралы аттестат және таңдаған орта кәсіби білім жұмыс мамандығы бойынша диплом беріледі.
Денсаулық сақтау
«Денсаулық» денсаулықты дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес денсаулық саласындағы қызмет негізгі әлеуметтік мәні бар аурулардан ауру мен қайтыс болуды азайтуға бағытталған.
2016 жылы сәби өлімі 2015 жылмен салыстырғанда 6,6% төмендеді және 1000 тірі туылғанға 9,1 құрады, алайда, бұл көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен жоғары деңгейде болып табылады (ҚР бойынша 1000 тірі туылғанға 8,6).
Туберкулезбен ауру 2015 жылмен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 59,9-дан 49,5-ға дейін, бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен (ҚР бойынша 100 мың тұрғынға 52,7).
Ана өлімі екі жыл бойы тұрақты жағдайда: 100 мың тірі туылған балаға 13,3, орташа республикалық көрсеткіштен жоғары (ҚР бойынша 100 мың тірі туылған балаға 12,9).
Онкологиялық ауруларды бастапқы сатыларында анықтау бойынша Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізу аурушаңдық деңгейін 100 мың тұрғынға шаққанда 2015 жылғы 301,4-тен 2016 жылы 297,0-ге төмендетуге мүмкіндік берді, қайтыс болу сәйкесінше 100 мың тұрғынға шаққанда 136,4-тен 129,0-ге азайды.
Коронарлық синдром және кардиохирургия бөлімшелерін ашу қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болуды 100 мың тұрғынға шаққанда 239,84-тен 198,05-ке азайтуға мүмкіндік берді (ҚР бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 179,3).
2016 жылы емдеу-алдын алу ұйымдарының жабдықталуы 79,3%-дан 81%-ға дейін жақсарды. Бюджет қаражаты есебінен 1,6 млрд. теңгеге, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен 1,5 млрд. теңгеге медициналық құрал-жарақтар сатып алынды.
Бұдан басқа, жедел жәрдем қызметі мен санитарлық авиация үшін автокөліктің 100 бірлігі мен екі реанемобиль алынды.
Денсаулық сақтау мекемелеріне 182 жас маман, олардан 25-і ауылдық квота бойынша, 42-сі грант бойынша келді.
Мәдениет
7000-нан астам әртүрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар мерекеленді, «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, Астана қаласындағы ШҚО күндері, СҚО-дағы ШҚО күндері, І-ші республикалық жастар театры конкурсы және басқалар ұйымдастырылды.
Археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жоспарын іске асырудың бірінші нәтижелері алынды.
Туристік әлеуетке ие археологияның 5 нысаны зерттелді (Катонқарағай ауданы, Берел, Зайсан ауданы, Шілікті, Абай ауданы, Қырықүңгір, Тарбағатай ауданы, Елеке сазы қорғандары және Ұлан ауданы, Абылайкет бекініс-монастрі).
Зерттеулерге шетелдердің – Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Бельгия, Венгрия, Польша, Жапония, Түркия, Қытай, Қырғызстан және Ресей Федерациясының атақты археологтары тартылды.
Қола, темір және орта ғасыр дәуірін сипаттайтын құнды артефакттар анықталды.
Қазіргі кезде Берел қорғандарынан алынған материалдар үлгілерінің зертханалық зерттеулері шетел және қазақстандық зертеу орталықтарында жүргізіледі (Токио университетінің Ұлттық генетика институтында (Жапония) және Ресей ғылымдар академиясының Сібір бөлімшесінің археология және этнография институтында (Новосибирск), Ә.Марғұлан атындағы археология институтында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде).
Ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарының бірінші кезеңін іске асырудың қомақты нәтижелерінің бірі Қатонқарағай ауданында Берел бірден-бір кешенінде ашық аспан астында мұражай ашу болып табылады. № 2 қорғанның көмбесі үстіне шыны саркофаг құрылды.
Өскемен қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы «Бабалар мұрасы» экспозициясы 3 мың артефакттармен толтырылған.
Денешынықтыру мен спорт
Жылдың маңызды оқиғасы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық ойындардың: үштік секіруден Ольга Рыпакованың және ауыр атлетикадан Денис Улановтың қола медальдарын жеңіп алулары болып табылады.
Қайтадан құрылған «Алтай» волейбол клубы өткен маусымда алғаш рет Шығыс Қазақстанның тарихында ерлер де, әйелдер де арасындағы ҚР Ұлттық лигасының алтын медальдарын жеңіп алды. Азия клубтық чемпионатына әйелдер командасы 4-ші орын, ерлер командасы 5-ші орынды иеленді.
2017 жылғы 20-31-мамыр аралығында Өскемен қаласында әйелдер командасы арасында Азия клубтық чемпионаты өтеді, Азия өңірінен 8 команданың қатысуы белгіленді.
Семей қаласында Балалар футбол клубы академиясы филиалы жұмыс істейді, онда 170 тәрбиелеуші оқытылуда, Испаниядан кәсіби шетелдік мамандар тартылған.
Күрестің әр түрлері бойынша халықаралық деңгейдегі спортшыларды дайындау үшін Семей қаласында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің базасында күрес залы (329,9 млн. теңге), асханасымен 200 орындық тынығу корпусы (531,3 млн. теңге) салынды және Семей қаласының Спорт академиясы ашылды. Балуандар шеберліктерінің деңгейін арттыру үшін Ресейден, Моңғолиядан, Әзірбайжаннан шетелдік мамандар тартылған.
Соңғы кездері елімізде «Street workout» (воркаут) көшелік спорт алаңшалары үлкен танымалдыққа ие. 2016 жылы өңірлерде облыстық бюджет есебінен 13 алаңша (60 млн. теңге) пайдалануға берілді.
Экология
Экологиялық жағдайды тұрақтандыру және жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда, осы мақсатта табиғат қорғау іс-шараларына 3 млрд. теңгеден астам жұмсалды.
Өскемен қаласының тазалау құрылғыларын дамыту бойынша жұмыстар атқарылды және аталған жоба бойынша және Үржар ауылының тазалау құрылғылары мен кәріздерін салуға екінші кезектегі ЖСҚ әзірлеу басталды. Облыстық орталықтың тұрғын аймағы аумағында радиоактивті ластанудың анықталған ошақтары жойылды. Табиғи ортаны қорғасынмен ластау деңгейін жете зерттеу мен Өскемен қаласының Солтүстік өнеркәсіптік тораптарының санитарлық-қорғау аймақтарының қоныстанатын аумақтарының топырақ қабатын кезеңімен қалпына келтіру жоспарын әзірлеу жүргізілді.
Қоғамдық тәртіп
Облыстағы криминогендік жағдай тұрақты, барлық санаттағы қылмыстардың азаюы тіркелген, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар 14,2%, көшеде қылмыс жасау – 14,8%, және жол-көлік уақиғасы – 8%, зардап шеккендер – 4,2% азайған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалы арқылы көрсетілетін қызмет көрсетулер тізбесі кеңейтіледі.
Облыс тұрғындарына 3940,8 мың қызмет көрсетілді, соның ішінде мемлекеттік органдар арқылы – 3695,8 мың, «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы – 197,7 мың, ол 2015 жылдың деңгейінен 2,4%-ға жоғары. Электрондық түрде 47,3 мың қызмет көрсетілді («электрондық үкімет» порталы арқылы – 43,7 мың, «Е-лицензирование» ММҚ арқылы 3,3 мың, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы – 330).
Қоғамдық-саяси жағдай
Облыстың қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты.
Қоғамдық кеңестердің рөлі артты, олар 48 қоғамдық тыңдау өткізіп, 326 нормативтік-құқықтық актіні келісуден өткізді, 112 мемлекеттік органның басшылары тыңдалды. Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы медиация, қайырымдылық, сараптама бағалау, қоғамдық маңызды іс-шаралар мәселелері жөніндегі 113 этномәдени бірлестіктің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді. Достық үйлері базасында медиация орталықтары жұмыс істейді, қалалар мен аудандарда 74 медиация кабинеті ашылған.
Осы жылға және таяудағы перспективаға арналған іс-қимыл жоспарлары.
Жергілікті атқарушы органдар қызметі ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» Жолдауының бес негізгі басымдылығын іске асыруға негізделетін болады.
Елбасы еліміздің жаңа замандағы ғаламдық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін экономикалық өсім моделін құру тапсырмасын қойды.
«Қазақстан- 2050» стратегиясына сәйкес қойылған мақсаттарға жету үшін ғаламдық технологиялық өзгерістермен байланысты жаңа өсім көздері қажет.
Одан арғы өндірістің инновациялық жаңғыртылуы ғылыммен байланыссыз мүмкін емес. Облыстың ірі кәсіпорындары техникалық университетпен бірлесіп, 8 млрд. теңгеге 10 ғылыми-зерттеу жобаларын енгізу бойынша жұмысты бастады. Олар металдардың тереңдетілген қайта өндірілуі ғана емес, сондай-ақ толығымен жаңа жоғары технологиялық өндірістер құруды қарастырады. Атап айтқанда, титан, тантал бұйымдары мен медицина және мұнай-газ өнеркәсібіне арналған жоғары өткізгіш сымдар өндіру бойынша бірегей жобалар туралы айтылады.
Бұдан басқа, жаңа өндірістер құрумен қатар, дәстүрлі базалық салаларды дамытуға да басты назар аударылады. Экспорттық өндірістерді дамытуға екпін жасаумен индустрияландыруды жалғастыра отырып, кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларын іске асыруға назар аударылады.
2017 жылы 3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 434 млрд. теңгеге 12 өңірлік жобаны және бір республикалық кәсіпкерлікті қолдау жобасын енгізу жоспарланған.
Әлемдік деңгейдегі ірі комбинаттардың бірі – Ақтоғай ТКБ құрылысы аяқталып келеді. Өткен жылы кәсіпорындағы кен өндірісі 5 есе өсіп, 16 млн. тоннадан асты, 18 мың тонна катод мысы өндірілді. Алғашқы тауарлық мыс концентратының өндірісі 2017 жылғы 1 тоқсанда күтіледі.
Алтын кен орнын әзірлеу және 129 млрд. теңгеге өнімділігі жылына 1,8 млн. тонна руда құрайтын Бақыршық тау-кен байыту комбинатының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба толық жобалық қуаттылығына 2019 жылы шығады.
Бұдан басқа, Өскемен қаласында толық циклды автозауыт және автобөлшектер шығаратын технопарк құрылысы жалғасуда. Пайдалануға 2018 жылы енгізіледі.
Қалпына келтірілетін энергия көздері бойынша жұмыс жүргізілуде. 2015 жылдан бастап Зырян ауданында қуаттылығы 24,9 мВт Тұрғысын ГЭС құрылысы жүргізілуде. 2017 жылы Ұлан ауданында қуаттылығы 24 мВт Тайынты жел электр станциясының құрылысы басталады. Аталған жобаларды 2018 жылы іске асыру электр энергиясын өндіруді 48,9 млн. кВт сағатқа ұлғайтуға мүмкіндік береді (2016 жылы жасыл электр энергиясын өндіру үлесі 55 млн. кВт сағат құрады).
Агроөнеркәсіп кешенінде ұсақ тауарлық шаруашылықтарды дамыту мен жоғары тиімді экспортқа бағдарланған өндірістерді ұйымдастыру негізгі бағыттар болып айқындалған.
Сүт және сүт өнімдері өндірісін одан әрі ұлғайту үшін облыста тауарлы-сүт фермаларын салу және қайта жаңарту арқылы қуаттылығын ұлғайту, қосымша сүт қабылдау пунктерін құру және тұрғындардан сүт сатып алу көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасады.
5 жаңа СТСФ салынып, тағы 13 қайта жаңғыртылады (4,5 мың бас). Ірі тауарлы-сүт фермаларын (400 және одан көп бас) салуға және қайта жаңғыртуға инвестиция салған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ағымдағы жылы жоғарылатылған нормативті субсидиялау бойынша шығындарды өтеу жоспарланған.
Тұрғындардан сүт сатып алу үшін 10 сүт қабылдау пункті ұйымдастырылады және олардың жалпы саны 22 мың тонна сүт маусымдық қуаттылығымен 60 бірлікті құрайды.
Облыста сүт қабылдау пунктеріне арналған халықаралық стандарттар бойынша типтік жабдықтар шығаратын арнайы кәсіпорын құрылған. Жеке қосалқы шаруашылықтарында мал тұқымын асылдандыру үшін шағын несиелендіру жүйесі арқылы тұрғындар асыл тұқымды мал сатып алуда.
Сонымен бірге, тұрғындар арасында сүт қабылдау пунктері мен қайта өндеуші кәсіпорындар базасында жеке үй шаруашылықтарын кооперативтерге біріктіру жөнінде ұйымдастыру-түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Құрылған инфрақұрылым ағымдағы жылы сүт өндіру, сатып алу және қайта өндіру бойынша 12 қанатқақты кооператив ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы ауылшаруашылық құрылымдарындағы сүт өндірісі мен іске асырылуы 68 мың тоннаны құрайды, тұрғындардан 22 мың тонна сүт сатып алынады, бұл 2016 жылғыдан 10 мың тоннаға көп. Бұл сүт өндеуші кәсіпорындар қуаттылығы жүктемесін 42-ден 60 пайызға ұлғайтуға, және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын, жеке қосалқы шаруашылықтар әлеуетін толық пайдалануға және табыстарын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Етті мал шаруашылығын одан әрі дамыту және оның экспорттық әлеуетін өсіру үшін ағымдағы жылы 1,5 мыңнан астам ІҚМ басын, 2 мың қой, 1 мың жылқы сатып алу көзделген.
Ресей, Қытай, Иран және Таяу Шығыс елдеріне экспортқа бағытталған ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда, оның ішінде:
– қуаты жылына 11,5 мың тонна ет шығаратын сою цехы және 50 мың бас қой мен бір мың ІҚМ басты біржолғы ұстауға арналған бордақылау алаңы құрылысы жобасы, құны 9,1 млрд. теңге («ЕвразияАгроХолдинг» ЖШС);
– етті мал шаруашылығын кешенді дамыту жобасы, оның ішінде 2 мың басқа арналған тұқымдық репродуктор, 3 мың ІҚМ басына арналған бордақылау алаңы және ет өндіретін кешен, құны 2,9 млрд. теңге («Елімай Көкпекті» ЖШС).
ҚХР-ге экспортты тиімді ұйымдастыру үшін облыс аумағында Қазақстан өнімдерін Қытай стандарттары бойынша сертификатттау зертханасын құру жұмыстары жүргізілуде.
ҚХР ШҰАР Үкіметімен келісім бойынша жабдықтарды жинақтау, қазақстандық персоналды аккредиттеу және оқыту қытай тарапымен жүргізіледі.
Зертхана құру Қазақстанның ең алдымен ҚХР-ге тамақ өнеркәсібіндегі экспорттық әлеуетін ұлғайтады.
Суарылатын жерлерді одан әрі кеңейту және олардың сумен қамтылуын жоғарылату бойынша жұмыс жүргізілуде.
2017-2018 жылдары Көкпекті (3), Тарбағатай (1), Зайсан (2) және Жарма (1) аудандарында 7 апатты су шаруашылығы нысандары бойынша жобаларды іске асыру жоспарланған. Оларды іске асыру елді мекендердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және 30 мыңнан астам гектар аудандағы суарылатын жерлердің сумен қамтылуын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен қажетті қаржы қаражаттары бөлінген.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін енгізу және халықаралық қаржы институттарынан қарыз алу бойынша жұмыс жалғасады.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде түрлі сатыда 129,6 млрд. теңгеге 22 жоба іске асырылуда.
6,7 млрд. теңгеге 11 балабақша құрылысы жобасына қол қойылды. Ағымдағы жылы Өскемен қаласындағы 300 төсек орындық көпсалалы аурухана және Семей қ. 200 төсек орындық балалар ауруханасы бойынша және Зырян қаласында қазандықты қайта жаңарту бойынша конкурс жариялау жоспарланған.
Еуропа қайта құру және даму банкімен (ЕҚҚДБ) 42,9 млрд. теңгеге 9 несие шарты мен алдын ала келісімге қол қойылды. Ағымдағы жылы жобаларды іс жүзінде іске асыру басталады.
ЕҚҚДБ-мен Семей қ. 11 млрд. теңгеге 2 жобаға несие шарттары жасалды: сумен қамту және су бұру жүйесін жаңғырту (2,6 млрд. теңге) және жылумен қамту жүйесін жаңғырту (8,4 млрд. теңге) және Өскемен қ. 4,4 млрд. теңгеге сумен қамту және су бұру жүйесін жаңғырту.
27,5 млрд. теңгеге 6 жоба бойынша алдын ала келісімдер жасалды: Өскемен қ. – жылумен қамту жүйесін жаңғырту (5,0 млрд. теңге), көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту (4,9 млрд. теңге), қоғамдық көлік (5,1 млрд. теңге), әуежайды жаңғырту (5,2 млрд. теңге), Семей қ. – көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту (2,8 млрд. теңге) қоғамдық көлікті жаңғырту (4,5 млрд. теңге).
Жалпы алғанда, Шығыс Қазақстан облысының ЕҚҚДБ-мен бірлесіп іске асыру жоспарланған инвестициялық жобалар саны 131, құны 242 млрд. теңге.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 11,1 млрд. теңгеге 30 жобаны іске асыру және 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы («Ақ бұлақ») бойынша желілерді салу және қайта жаңғыртуға 4,9 млрд. теңгеге 27 жобаны іске асыру жоспарланған.
Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту бойынша «Омск-Майқапшағай» автомобиль жолының Орталық-Шығыс дәлізін қайта жаңғырту бойынша жұмыс жалғасуда (ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 166 шақырым 5 учаскеде қайта жаңғырту жоспарланған, құны 15,5 млрд. теңге).
Алматы-Өскемен бағыты бойынша ұзындығы 102 шақырымға 3 учаскеде жұмыстар жоспарланған, қаржыландыру ҚХР ЭксимБанк қарыз алу есебінен жоспарланған.
Күрделі жөндеулерді оңтайландыру есебінен жолдарға орташа жөндеу жүргізу басымдылық болып қалады.
2017 жылы орташа жөндеумен шамамен республикалық маңызы бар 175 шақырым жолды (3,5 млрд. теңге) және 190 шақырым облыстық маңызы бар (3,8 млрд. теңге) жолды қамту жоспарланған.
ҚР көлік жүйесі инфрақұрылымын дамыту және интеграциялау бағдарламасы бойынша облыста екі жобаны іске асыру жоспарланған: «Семей қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы, рулежді жол және аэровокзалын қайта жаңарту» және «Өскемен қаласы аэродромының ұшу-қону жолағы, әуежайының аэровокзал кешенін қайта жаңарту».
Демалыс аймақтарын дамыту бойынша басталған іс-шаралар жалғастырылады. Үржар ауданында Алакөл көлі жағалауын абаттандыру және инфрақұрылымын дамыту жоспарланған (көшелерді, жүргінші өткелдерін, велосипед жолдарын, саябақтар, автовокзал, жағалау жөндеу және жарықтандыру және т.б.). Ұлан ауданындағы Сібе көлі жағалауында (Шалқар көлі) қоғамдық жағалау құрылады және жағалауды абаттандыру жалғастырылады.
Ағымдағы жылы Қытай Халық Республикасынан топтық визалар шеңберінде туристер ағымын ұлғайту жоспарланған. Облыстың туристік әлеуетін таныстыру бойынша көшпелі турлар ұйымдастырылатын болады.
Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету облыс экономикасын дамытудағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Биыл облыста жалпы ауданы 721,7 мың шаршы метр 116 көппәтерлі үй, соның ішінде 2016 жылдан ауысатын 416,4 мың шаршы метр 58 үй және жаңа 305,3 мың шаршы метр 58 үй құрылысы жоспарланған.
Тұрғындардың барлық санаттарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемасын кешенді шешу үшін «Нұрлы жер» тұрғын үй құры