Қоғам

Облыс әкімі Даниал Ахметов брифинг өткізді

Облыс әкімі Даниал Ахметов брифинг өткізді

Кеше Астанадағы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ қатысуымен брифинг өтті. Брифингте аймақ басшысы Шығыс Қазақстанда атқарылып жатқан шаруаларға тоқталып, отандық «24 kz» телеарнасы арқылы тікелей эфирде еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен интернет пайдаланушылардың сұрақтарына жауап берді.
Өңір басшысы өз баяндамасын Елбасы Жолдауында нұсқалған міндеттердің облыста қалай орындалып жатқанынан бастады. Өңірдегі негізгі кәсіпорындардың өнімдеріне деген сұраныс азайғанына қарамастан ішкі жалпы өнім көлемі өткен жылғыдан 1,4 пайызға артып отыр. Алдағы уақытта өсім көрсеткішін жақсарта түсу үшін аграрлық саладағы өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік мол. Негізгі капиталға қосылған инвестиция көлемі де өткен жылғы көрсеткіштен жеті пайызға артық. Аймақ басшысы облыс бойынша құрылыс қарқыны 12,5 пайызға артып, жұмыссыздық 4,9 пайызға азайғанын, облыс бюджетіне салықтан түсетін табыстың көлемі өткен жылғыдан 3,7 пайызға көбейгенін атады. Ал түсті металл мен автомобиль бағасының арзандауы өнеркәсіп өнімінің көлемін 9,8 пайызға төмендетіп жіберген. Мыстың 35 пайызға, қорғасынның 27 пайызға, алтынның 13 пайызға, мырыштың 24 пайызға арзандауы «Қазцинк» ЖШС сынды облыс өнеркәсібінің 40 пайызын құрайтын алып компаниялардың өндірісін тежеп отыр. Бұл секторда жалпы 95 млрд. теңгенің өнімі игерілмесе, соның 76,6 млрд. теңгесі «Азия Авто» компаниясына тиесілі. Облыс басшылығының алдына қойылып отырған негізгі міндеттердің бірі осы аталған олқылықтардың орнын толтыру болып отыр.
– Бұл мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыстар жасалуда. Мәселен, «Қазцинк» ЖШС пайдалы қазбаларды барлау жұмысына бір жылда ғана тоғыз млрд. теңге жұмсады. Бір ғана Малеев кенінің кен байлығы әлі 10-15 жыл қарқынды бәсеңсітпей жұмыс істеуге мүмкіндік беретіні анықталды. Ал Риддер қаласында нанотехнологияларға негізделген тәжірибелік-өнеркәсіптік жоба сынақтан өтуде. Бұл жоба кедей кендерден нақты қазбаларды ажыратуға бағытталған. Келер жылы жоба сынақтан өтіп, нәтижесі жарияланатын болады, – деген облыс басшысы машина жасау саласына Өскеменде салынып жатқан толық циклді автомобиль зауыты тың серпін беретінін атады. Аталмыш өндіріс ошағы жылына 180 мың көлік құрастырып шығаратын болады. Бұл автомобильдер экономикалық одақтастарымыздан бөлек Әзірбайжан, Грузия, Монғолия нарығына тарайды деп күтілуде. 2017 жылы жемісін беретін бұл жобаның инфрақұрылымына бюджеттен алты млрд. теңге қарастырылған. Зауыт өнімдері көрші елдердің нарығы мен ішкі сұраныстың талғамына сай келуі үшін «PricewaterhouseCoopers» компаниясы шеберлік жоспар ұсынып отыр. Бұл жоба бойынша автомобильдің әрбір құрамдас бөлігін қандай материалдан, қай технологиямен жасау тиімді болатыны анықталуда.
Шығыс Қазақстан үшін экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сектордың бірі – аграрлық сала. Аймақ басшысы брифингке қатысушылардың назарын бір жылда ғана 140 мың тонна құс еті Еуропа мен АҚШ-тан әкелінетініне аударды.
– Үржар ауданында салынатын құс фабрикасы осы сұраныстың бір бөлігін қамтуға бағытталып отыр. Фабриканың жұмысын автоматтандыру мақсатында Украинадағы әлемдік деңгейде жұмыс істеп тұрған зауыттың тәжірибесі ескеріліп отыр. Бұл бағытта қытайлықтардың да тәжірибесін зерделемекпіз. Оларда жылына екі млн. тонна құс етін өндіретін кәсіпорын бар. Бұл жоба осы сияқты әлемдік деңгейдегі озық тәжірибелерге негізделетін болады, – деді облыс әкімі.
Сүтті мал шаруашылығын дамытудағы жұмыстардың барысына тоқталған аймақ басшысы халықтан сүт жинауда да әлемдік тәжірибеге сүйену керектігін жеткізді. Жергілікті компания құрастырған сүт қабылдау модульдері барлық аудандарда қойылған. Алдағы уақытта сапалы сүт жинаудың және оның ақысын кешіктірмей төлеудің тетіктері нақтыланатын болады. Облыс басшысы ойдағы жоспар іске асса, халықтың жеке иелігіндегі мал тұқымы асылданып, шағын несиелер де тиімді жұмыс істейтін болады деген ойын жеткізді.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығында облыс көлемінде 30-дан астам жоба жүзеге аспақ. Осының арқасында қосымша 10,5 мың жұмыс орны пайда болады. Алғашқы бесжылдықта қолға алынған 46 жоба жеті мың жаңа жұмыс орнын ашып, 335 млрд. теңгенің өнімін берген.
Бағдарламаның екінші кезеңінде іске қосылатын жобалардың ішінде республикалық Индустрияландыру картасына енген Ақтоғай кенішін игеру жобасына үлкен үміт артылып отыр. Екі млн. тонна пайдалы кен қоры бар бұл кешенге еңбек өнімділігі аса жоғары өндірістік технологиялар енгізілуде. Өңір басшысы бұған дейінгі осы ауқымдас кәсіпорындарда 10 мыңға жуық адам жұмыс істесе, Ақтоғайда жаңа технологиялардың арқасында 1,5 мың адам жылына 50-65 млн. тонна кенді өңдейтініне ерекше тоқталды.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайтуда Жарма ауданындағы алтын және әктас өндіру, Абай ауданындағы катодты мыс өндірісі жобалары да ерекше маңызға ие. Аймақ басшысы аталған жобалардың өндірістік көлемі ауқымды болмаса да, тиімділігі жоғары екенін ескертті.
Облыс басшысы өңірдегі әлеуеті орасан болғанымен, игерілуі кенжелеп тұрған сала ретінде ағаш өңдеу өндірісін атады.
– Бүгінде облыс аумағына жылына 500 млн. доллардың ағаш өнімдері сырттан әкелінеді. Осы сұранысты қанағаттандыруға өзімізде толық мүмкіндік бар. Біздегі ағаш қорымен барлық экологиялық қауіпсіздікті сақтай отырып, жылына 1,1 млн. текше метр ағаш өңдеуге болады. Бұл бағытта Финляндия компаниясымен бірге шеберлік жоспарын дайындап жатырмыз. Әлемдік деңгейдегі технологияларды пайдаланбасақ, ресейлік ағаш өңдеушілермен бәсекеге түсу қиын болады. Өйткені, біздегі жарамды ағаш қоры таулы жерлерде шоғырланса, Ресейде көбінесе жазықта шоғырланған. Өз өнімдерімізбен әуелі ішкі сұранысты қамтуымыз керек. Бұл да мемлекет басшысының тапсырмасы, – деді ол.
Бұдан кейін облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ журналистердің сауалдарына жауап берді.

Облыс әкімі Даниал Ахметов брифинг өткізді

Азамат Сыздықов, СТВ телеарнасы:
– Шығыс Қазақстанда онкологиялық жағдай айтарлықтай күрделі күйде деуге болады. Жергілікті әкімдік тарапынан обырмен ауырғандардың санын азайту бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Расымен өңірдегі онкологиялық жағдай немқұрайлы қарауды көтермейді. Бұл бағытта Елбасы тапсырмасына орай, Семей қаласында терең ядролық технологияға негізделген теңдессіз медициналық кешен салынып жатыр. Өкінішке қарай, бекітілген мердігерлер құрылысты созып жіберген болатын. Қойылатын қондырғылары да талапқа сай келмеді. Шұғыл қабылданған шаралардың арқасында жағдай қалыпқа түсті. Нысан келер жылы қолданысқа берілуі керек. Мұндағы технология адам ағзасының онкологиялық ауруға бейімдігін жасушалық деңгейде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бірінші қадам ғана. Екінші қадам мамандардың біліктілігін арттырумен байланысты. Бізде өте сапалы медициналық қондырғылар болғанымен, оны қажетінше пайдаға жарата алмай отырмыз. Осы мақсатта ағылшын және неміс тілін білетін, үздік деген дәрігерлерді алыс шетелдерден оқытуға келер жылы 400 млн. теңге бөліп отырмыз. Олар тек заманауи қондырғылардың тілін меңгеріп қана қоймай, онкологиялық және сәби жастан пайда болатын аурулармен күрестің әлемдік тәсілдерін үйреніп келеді. Ол үшін деңгейі жоғары деген халықаралық медициналық орталықтар анықталды. Біздің мамандар ол орталықтарда кемінде алты ай білім алатын болады. Алдағы үш жыл көлемінде бұл бағытта осындай ауқымды шаралар жүзеге асады. Бұдан бөлек Президент қорының қолдауымен онкологиялық науқастарға арналған оңалту орталығының жобасы жасалып жатыр. Жалпы алғанда осы шаралардың барлығы тұтас медициналық кластер түзіп, онкологиялық арулар саны азаятын болады.

Данияр Байманов, «Қазақпарат» агенттігі:
– Өңірлеріңізде қоршаған ортаны ластап отырған өндіріс нысандары көп екен. Экологиялық жағдайды ушықтырмай ұстау мақсатында қандай қадамдар жасалуда?
– Экология біздің өңір үшін қай кезде де маңызды. Бірақ бұл мәселе Шығыстың индустриялану тарихымен тығыз байланысты. Өңір экономикасын біздегі өндіріс алпауыттарынсыз елестету мүмкін емес. Екінші бір мәселе облыс орталығының географиялық орналасу жағдайымен байланысты. Таулардың аңғарында жатқандықтан тұрақты жел жоқ. Бұл да жағдайды күрделендіріп отыр. Дегенмен, аталған кәсіпорындар аймақтағы экологиялық жағдайды реттеуге үш жылда 47 млрд. теңге жұмсады. Бұл мақсатқа бюджеттен 2015 жылы ғана 3,2 млрд. теңге бөлдік. Түрлі технологиялар мен сүзгілердің арқасында соңғы жылдары ауаға шығарылатын газ атындылары 140 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін қысқарды. Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Өскемен мен Риддер қалаларында жылу және электр стансалары жұмысының экологияға әсерін азайту жобалары қолға алынып отыр. Осы бағытта тек Өскеменнің электр стансаларына үш млрд. теңге бөлінді. Сондықтан экологиялық жағдайды жақсарту бойынша тұрақты әрі табанды шаралар кешені жүзеге асырылуда. Тағы бір атай кететін дүние, жобалардың барлығы қатаң түрде әлемдік стандарттар негізінде жүзеге асатын болады.

Элмира Ешмұхаметова, «Еуразия» телеарнасы:
– Біздің редакциямызға Семей қаласының Юность және Комсомол аудандарының тұрғындарынан шағым келіп түскен. Олардың айтуынша, аталған елді мекендерден 2007 жылы жеке үй салуға жер телімдері беріле бастаған. Алайда, әлі күнге дейін бұл аумаққа не электр жарығы, не су тартылмаған. Осы мәселе қалай шешіліп жатыр?
– Семейге келетін болсақ, қалаға ай сайын барып тұрамын. Сондықтан ондағы жағдайды жеткілікті деңгейде білемін де. Жағдайдың түбегейлі жақсы жаққа қарай өзгеріп келе жатқанына сенімдімін. Биылдың өзінде тек жылумен қамту жүйесін жаңғыртуда 3,1 млрд. теңге игердік.
Шынымен де Семей қаласының аумағындағы үш елді мекенде сіз айтқандай мәселелер бар. Соның бірінде 10-12 отбасы ғана тұрады. Дегенмен, жыл аяғына дейін ол жерге 25 шақырымдық электр желісін тарту үшін жобалық смета дайындалып жатыр. Ал Юность шағын ауданының көпқабатты үйлері 100 пайыз инфрақұрылыммен қамтылған. Ал жеке үйлер бойынша жобалық смета жасалуда. Мұның сыртында Семей қаласының инфрақұрылымын дамыту ісіне Еуропа қайта құру және даму банкін тартпақпыз. Келер жылы аталған банк Семей қаласының инфрақұрылымына 11 млрд теңгеден астам қаражат бөлгелі отыр. Бұл Елбасының жергілікті әкімдерге биліктен ақша сұрай бермей, сырттан инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес шаруа деп айтар едім.
Брифинг барысында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайтына интернет пайдаланушылар тарапынан облыс басшысының атына 53 сұрақ түсті. Солардың ішінде Өскемен қаласын қыста қардан тазарту мәселесіне алаңдаушылық танытқандар кездесті. Аймақ басшысы бұл бағытта дәстүрлі шаралармен қатар инновациялық тәсілдер қолданылатынын мәлім етті.
– Бұл мәселеге қатысты нақты ұстанымымыз бар. Қаланың әкіміне Мәскеудің тәжірибесін есепке алуды тапсырғанбыз. Әрине, қар тазалайтын техниканың сақадай сай болуы сөзсіз қажет. Бірақ мұндағы ауа райының күрт өзгеретінін білесіздер. Бір түннің ішінде бірнеше күннің жауын-шашыны түсетін кездер болады. Осындай жағдайларда арнайы ерітінділер сатып алып, пайдалану керек. Мәселен, Ертіс арқылы өтетін негізгі көпір кей күндері мұз айдынындай жалтырап қалады. Тонна-тонна құм сеуіп, көктемде соны тазалаумен әуреленуді қою керек. Өте тиімді ерітінділерді анықтап, дайындап қою бойынша қала әкімі жұмыс істеп жатыр.

Қаражатты үнемдеудің тиімді жолдары бар

Данияр Ақшабаев, Өскемен қаласының тұрғыны (ОКҚ ресми сайтына жолданған):
– Өскеменде неге ет комбинаты жоқ?
– Жалпы, біздің өңірде малдың басы өсіп келеді. Олай болса ет комбинатының қажеттілігі орынды. Дегенмен ондай кәсіпорын ең әуелі аудандарда салынуы керек. Өйткені, түліктің басым үлесі ауылдарда. Сондықтан Аягөз қаласында құны 9,8 млрд. теңгені құрайтын соңғы үлгідегі заманауи ет комбинаты салынуда. Бұл кәсіпорын іске қосылғанда қолында малы бар кез келген ауыл тұрғыны малының етін сонда өткізуге мүмкіндігі болады. Аталмыш жоба жүзеге асырылуда, тиісті жер телімі бөлінген. Инженерлік инфроқұрылымы дайындалып жатыр. Инвестор бар. Комбинат 2017 жылы жұмыс істей бастайды. Бір ерекшелігі, онда малды өсірудің бұрынғы ескі тәсілдері емес, заманауи шетелдік озық үлгілері қолданылады.
Екінші бағыт – Семейде жобалық құны 4 млрд. теңге тұратын соңғы үлгідегі технологиялар бойынша салқындатылған ет өндіретін комбинат салу. Бұл бастама да мал етінің өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталып отыр. Әзірге Өскеменде мұндай комбинат салу жоспарда жоқ.
Алайда бір қуанарлық жайт, шаруашылықтар бүгінде малдың тұқымын асылдандыруға көңіл бөлуде. Мәселен, Катонқарағай ауданында кәсіпкер азамат Австралиядан герефорд сиырының бір мың басын әкеліп бағып отыр. Асыл тұқымды малдар жергілікті жердің табиғатына әбден бейімделіп алған, көбейіп жатыр. Сол секілді Үржар ауданында француздың шаролесі мен қазақтың ақбас ірі қарасын, Көкпекті ауданында үш мың бас абердин-ангус сиырын өргізіп отырған шаруашылықтар бар. Мұның бәрі әрине басқа да шаруашылықтарға үлгі болып, ет комбинаттарын салу мәселесінің өзектілігін туғызады.

Әсел Сатаева, «Тenqrinews.kz» ақпараттық порталы:
– Мемлекет басшысы дағдарысқа байланысты үнемдеу шараларына көшуді жиі айтып жүр. Бұл ретте сіздің облыста қандай жоспарлар бар? Брифингке келген басқа облыстар әкімдері мерекелік шаралар мен әртүрлі ұжымдық басқосуларды азайтуға ниетті екендіктерін айтқан еді.
– Әрине, тек қана ұжымдық басқосуларды шектеу арқылы бюджет қаражатын үнемдеу мүмкін емес. Сондықтан біз бұл бағытта үлкен бастамаларды қолға алдық.
Бірінші, энергияны үнемдеу. Біз ЕҚДБ-мен бірге облыстағы барлық қалалардың жарықтандыруын үнемдегіш түріне ауыстырмақпыз. Бизнес жоспарға сәйкес бұл кем дегенде 30-40 пайыз электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, жергілікті әкімдіктердің шығындарын 30 пайыздай азайтамыз. Оның ішінде жарық пен басқа да қажеттіліктерді тиімді пайдалану, артық штатты қысқарту, қажетсіз құрылымдарды қосу сияқты жұмыстар кіреді. Мәселен, Өскеменде филармония және концерттік қызметпен айналысатын мекеме бар. Екеуінің атқаратын қызметі бір болғандықтан біріктірілді. Соның арқасында алты млрд. теңге көлемінде бюджет ақшасы үнемделді.
Бұған қоса бюджеттік ұйымдардың дені ғимараттарды жалға алып отыр. Облыстың ревизиялық комиссиясы жыл сайын 17 млн. теңгені ғимарат жалдауға жұмсайды. Біз осы бюджеттік мекемелерге арнайы ғимарат тауып беру арқылы ақша үнемдейтін боламыз. Қысқасы, қаражатты үнемдеудің тиімді жолдары бар.

Азамат Жомартұлы, «Қазақ радиосы»:
– Биыл жазда Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында жергілікті және қытайлық жұмысшылар арасында жанжал болғанын білеміз. Қазір комбинаттағы жағдай қалай? Мұндай келеңсіздік келешекте қайталанбайды деп айта аласыз ба?
– Ақтоғайға мен үш рет бардым. Мәселенің мән-жайын білдім. Ол жерде ешқандай да ұлтаралық сипаттағы кикілжің болмаған. Тексерулер барысында комбинаттағы әлеуметтік жағдайға қытайлық жұмысшылардың көңілі толмағаны анықталды. Мәселен, төрт шаршы метр бөлмеде алты кісі тұрған. Содан кейін асханадағы ұзын-сонар кезек. Үшінші мәселе, медициналық қызмет көрсету. Осы мәселелер жинақтала келе қытайлық азаматтардың наразылығын туғызған. Бұл іске жергілікті жұмысшылар араласқан. Арты жаппай төбелеске әкеліп соққан. Бүгінгі таңда ол жерде сегіз үлкен жатақхана салынып, жаңадан екі асхана ашылды. Ай сайын арнайы мамандар, оның ішінде менің орынбасарым, аудан әкімі, облыстық тиісті департаменттердің басшылары Ақтоғайға барып, комбинаттағы жағдайды бақылап, кемшіліктерді жоюға байланысты тапсырмалардың орындалуын қадағалауда. Мұндай келеңсіздік енді қайталанбайды.

Қайрат Жұрымбаев, «Хабар» телеарнасы:
– Шығыс Қазақстанда 700-ден астам елді мекен болса, соның жартысынан көбінде орталықтандырылған сумен қамту жүйесі тартылмаған. Соның ішінде төрт ауданда мүлдем жоқ. 2011 жылы осы проблеманы шешуге 30 млрд. теңге қаражат бөлінген болатын. Қазір бұл мәселе қалай шешілуде?
– Ауыз суға қатысты облыста қазір түйіні тарқатылмай тұрған үш нысан бар. Олардың жаңартылуы ұзаққа созылып кеткені рас. Дегенмен бұл үшеуі де жыл соңына дейін іске қосылады. Оның біреуі Аягөз ауданында жыл басында қолданысқа берілсе, Үржар ауданында қараша айында аяқталды. Сондай-ақ, қазір Бородулиха ауданындағы Белағаш топтық су құбырында мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Аталған нысандардан басқа Аягөз қаласында ауыз сумен қамту мәселесі өзекті болып тұр. Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлерге орталықтандырылған су жүйесі жеткізілсе, жеке үйлерді сумен қамту жағы қиынға соғуда. Ол аумақта шамамен 12-15 мың шаңырақ тұрып жатыр. Сондықтан қаланың осы аумағындағы тұрғындарды ауыз сумен қамтудың жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, алдағы екі жылда іске асырылады. Аягөз қаласының әкімі ЕҚДБ бірлесіп тиісті жобаны жасап қойды. Біз өз тарапымыздан проблеманың толық шешілуіне барынша ықпал етеміз.
Аяулым Совет, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті:
– Шығыс Қазақстандағы әлеуеті жоғары салалардың бірі туризмді дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Өңірге туристерді тарту үшін ең әуелі инфроқұрылымды жетілдіру керек. Осыған орай Катонқарағай ауданындағы Рахман қайнарларына апаратын тас жолды жөндеп, облыс орталығынан Күршім мен Зайсан аудандарына жылдам, әрі қауіпсіз жетуге мүмкіндік беретін Бұқтырма су қоймасының үстінен көпір салу мәселесімен айналысып жатырмыз. Өскемен-Рахман қайнарлары тас жолының жөнделуі Катонқарағайға келуші туристердің қатарын көбейтуге ықпал етеді. Туристерді біз қалай тартамыз?! Ең әуелі отандық және әлемнің маңдайалды археологтарын Берелге жинап, «Патшалар жазығындағы» қорымдарды бірге зерттеуге шақырамыз. Бұл – туризмді насихаттауға үлкен мүмкіндік. Аталған жұмыстарды қаржыландыратын бағдарлама әзірледік.
Сонымен қатар қытайлық әріптестермен да өңірдің туристік инфроқұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар қарастырылуда.
Бұқтырма су қоймасында көпірдің болмауы, жолдардың сапасының төмендігі Күршім ауданындағы Марқакөл секілді ғажайып табиғаты бар өлкеге туристер легінің ағылуына кедергі келтіруде. Сондықтан біз бұл мәселелермен айналысып жатырмыз, келешекте шешімін табады.

Балды түр-түрімен сататын боламыз

Баубек Қоңыров, «Қазақстан жаңалықтары» ақпараттық агенттігі:
– Шығыстың балы ресейлік омарташылардың өнімдерімен бәсекеге түсе ала ма? Астанада өткізіліп жүрген көрмелерде неге ресейлік балды жиі көреміз? Ал сіздердің өңірден келетіндер аз.
– Өзіңіз айтып отырған көрмелерге әкелінген балдың басым үлесі Шығыс Қазақстан облысынан жеткізілген, шындығына келсек. Бүгінгі күні өңірде омарташылықпен айналысатын адамдар саны жылдан-жылға артып келеді. Соған сәйкес балды өткізу нарығы да анықталған. Мектеп оқушыларының тамақтану рационына бал енгізілген. Алайда біз әлі күнге өнімдерімізді жақсылап қаптауды және түрлеріне бөліп сатуды мықтап жолға қоя алмай келеміз. Мәселен, тоспамен, қара бүлдіргенмен қосылған балдар түр-түрімен сатылса қандай өтімді. Сол секілді омарташыларға жекелеген емдік шөптерге байланысты бал өндіру ұсынылған. Мұның нәтижелерін болашақта көре жатармыз.

«24 kz» телеарнасы:
– Семей, Риддер, Зырян сияқты қалаларда коммуналдық жүйелердің 70-80 пайызы тозған деген ақпарат бар. Соның салдарынан қыс маусымында апаттық жағдайлар жиілеп кетеді. Бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар қолға алынған?
– Елбасы тапсырмасына сәйкес Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірлесіп жылумен, сумен қамту жүйелерін жаңғырту жобалары іске асырылуда. Олардың жалпы құны 23 млрд. теңге. Айталық, Семейдің жылу жүйелерін жаңартуға келесі жылы 11 млрд. теңге қарастырылып отыр. Оған қоса бұл қалада сумен қамту жүйелері жаңғыртылады, нақтырақ айтқанда, биологиялық су тазарту қолданылады. Өскеменде де жеті млрд. теңгенің жобасы іске асырылады.
Жалпы, бұл мәселе Риддер, Зырян, Аягөз қалаларында да бар. Дегенмен алдағы екі жылда аталған қалалардағы сумен, жылумен қамту мәселелері толық шешімін табады.

Олег Кравченко, журналист:
– Индустрияландыру картасына енген жобалардың ішінде екеуі тоқтап тұрса, жетеуі толық жобалық қуатына шықпағанын білеміз. Бұл проблемалардың туындауына не себеп?
Екінші сұрақ, салафиттік идеологияны ұстанушылармен қандай жұмыстар жүргізілуде?
– Иә, бізде жобалық қуатына шыға алмаған он жоба бар. Оның бесеуінің қуаты 60-тан 95 пайызға дейін. Мәселен, соның ішінде Жарма ауданындағы қытайлық серіктестірмен бірге салынған жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін «Қазақцемент» жобасын айтуға болады. Бұл кәсіпорын қазір өсу үстінде және елдегі құрылыс саласының сұранысын қаматасыз етуде. Бұдан бөлек шынымен де тоқтап тұрған екі жоба бар, олар – Семейдегі теміржол көліктеріне тежегіш колодкалар шығаратын кәсіпорын мен Жармадағы әктас өндіретін зауыт. Бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдаған регламентке сәйкес семейлік зауыт сертификаттаудан өтетін болса, жұмысын жалғастыруға кедергі жоқ. Ал енді әктас шығаратын «Теньши» зауытына келсек, жұмыс істеп тұр. Бірақ технологиялық мәселелері шешілмеген. Бір қызығы, Қазақстан шамамен бір миллион тоннаға жуық әктасты сырттан, Өзбекстан, Ресей секілді шетелдерден әкеледі.
Қазіргі күні аталған зауыт пен «ҚазМинерлс» компаниясы арасында келісім жасалды. Биыл 96 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Алғашқы бес мың тонна әктас сатылды. Келесі жылы бұдан да нәтижелі жұмыс істейтін болады. Мен бұл проблемаларды жақсы білемін, бірнеше рет жауапты адамдармен мәселені талқыладық. Алдағы уақытта бәрі ойдағыдай болады.
Екінші сұраққа келсек, жасыратыны жоқ, дін саласында түйіні тарқатылмай жатқан түйткілдер бар. Мен өзім бірнеше рет өңірдің имамдарымен, православиелік, католиктік христиан діні өкілдерімен кездесіп, сөйлестім. Сондай-ақ, халық арасында діни ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін құрамында 324 адамнан тұратын арнайы топ жұмыс істейді. Топ мүшелері біліктілікті арттыру бағытында арнайы курстарда оқытылады. Оған қосымша жоғары білімді теологтар тартылған. Біздің идеологияға жауапты адамдар жылдар бойы қордаланып келген бұл мәселені қатаң назарда ұстап, оны шешу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізуде.

Қаражатты үнемдеудің тиімді жолдары бар

Данияр Ақшабев, Өскемен қаласының тұрғыны (ОКҚ ресми сайтына жолданған):
– Өскеменде неге ет комбинаты жоқ?
– Жалпы біздің өңірде малдың басы өсіп келеді. Олай болса ет комбинатының қажеттілігі орынды. Дегенмен ондай кәсіпорын ең әуелі аудандарда салынуы керек. Өйткені түліктің басым үлесі ауылдарда. Сондықтан Аягөз қаласында құны 9,8 млрд. теңгені құрайтын соңғы үлгідегі заманаи ет комбинаты салынуда. Бұл кәсіпорын іске қосылғанда қолында малы бар кез келген ауыл тұрғыны малының етін сонда өткізуге мүмкіндігі болады. Аталмыш жоба жүзеге асырылуда, тиісті жер телімі бөлінген. Инженерлік инфроқұрылымы дайындалып жатыр. Инвестор бар. Комбинат 2017 жылы жұмыс істеп бастайды. Бір ерекшелігі онда малды өсірудің бұрынғы ескі тәсілдері емес, заманауи шетелдік озық үлгілері қолданылады.
Екінші бағыт – Семейде жобалық құны 4 млрд. теңге тұратын соңғы үлгідегі технологиялар бойынша салқындатылған ет өндіретін комбинат салу. Бұл бастама да мал етінің өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталып отыр. Әзірге, Өскеменде мұндай комбинат салу жоспарда жоқ.
Алайда бір қуанарлық жайт, шаруашылықтар бүгінде малдың тұқымын асылдандыруға көңіл бөлуде. Мәселен, Катонқарағай ауданында кәсіпкер азамат Австралиядан герефорд сиырының бір мың басын әкеліп бағып отыр. Асыл тұқымды малдар жергілікті жердің табиғатына әбден бейімделіп алған, кеөбейп жатыр. Сол секілді Үржар ауданында француздың шаролесі мен қазақтың ақбас ірі қарасын, Көкпекті ауданында үш мың бас абердин-ангус сиырын өргізіп отырған шаруашылықтар бар. Мұның бәрі әрине басқа да шаруашылықтарға үлгі болып, ет комбинаттарын салу мәселесінің өзектілігін туғызады.

Әсел Сатаева, «Тенгриньюст» ақпараттық порталы:
– Мемлекет басшысы дағдарысқа байланысты үнемдеу шараларына көшуді жиі айтып жүр. Бұл ретте сіздің облыста қандай жоспарлар бар? Брифингке келген басқа облыстар әкімдері мерекелік шаралар мен әртүрлі ұжымдық басқосуларды азайтуға ниетті екендіктерін айтқан еді.
– Әрине, тек қана ұжымдық басқосуларды шектеу арқылы бюджет қаражатын үнемдеу мүмкін емес. Сондықтан біз бұл бағытта үлкен бастамаларды қолға алдық.
Бірінші, энергияны үнемдеу. Біз ЕҚДБ-мен бірге облыстағы барлық қалалардың жарықтандыруын үнемдегіш түріне ауыстырмақпыз. Бизнес жоспарға сәйкес бұл кем дегенде 30-40 пайыз электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, жергілікті әкімдіктердің шығындарын 30 пайыздай азайтамыз. Оның ішінде жарық пен басқа да қажеттіліктерді тиімді пайдалану, артық штатты қысқарту, қажетсіз құрылымдарды қосу сияқты жұмыстар кіреді. Мәселен, Өскеменде филармония және концерттік қызметпен айналысатын мекеме бар. Екеуінің атқаратын қызметі бір болғандықтан біріктірілді. Соның арқасында алты млрд. теңге көлемінде бюджет ақшасы үнемделді.
Бұған қоса бюджеттік ұйымдардың дені ғимараттарды жалға алып отыр. Облыстың ревизиялық комиссиясы жыл сайын 17 млн. теңгені ғимарат жалдауға жұмсайды. Біз осы бюджеттік мекемелерге арнайы ғимарат тауып беру арқылы ақша үнемдейтін боламыз. Қысқасы, қаражатты үнемдеудің тиімді жолдары бар.

Азамат Жомартұлы, «Қазақ радиосы»:
– Биыл жазда Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында жергілікті және қытайлық жұмысшылар арасында төбелес болғанын білеміз. Қазір комбинаттағы жағдай қалай? Мұндай келеңсіздік келешекте қайталанбайды деп айта аласыз ба?
– Ақтоғайға мен үш рет бардым. Мәселенің мән-жайын білдім. Ол жерде ешқандай да ұлтаралық сипаттағы кикілжің болмаған. Тексерулер барысында комбинаттағы әлеуметтік жағдайға қытайлық жұмысшылардың көңілі толмағаны анықталды. Мәселен, төрт шаршы метр бөлмеде алты кісі тұрған. Содан кейін асханадағы ұзын-сонар кезек. Үшінші мәселе, медициналық қызмет көрсету. Осы мәселелер жинақтала келе қытайлық азаматтардың наразылығын туғызған. Бұл іске жергілікті жұмысшылар араласқан. Арты жаппай төбелеске әкеліп соққан. Бүгінгі таңда ол жерде сегіз үлкен жатақхана салынып, жаңадан екі асхана ашылды. Ай сайын арнайы мамандар, оның ішінде менің орынбасарым, аудан әкімі, облыстық тиісті департаменттердің басшылары Ақтоғайға барып, комбинаттағы жағдайды бақылап, кемшіліктерді жоюға байланысты тапсырмалардың орындалуын қадағалауда. Мұндай келеңсіздік енді қайталанбайды.

Қайрат Жұрымбаев, «Хабар» телеарнасы:
– Шығыс Қазақстанда 700-ден астам елді мекен болса, соның жартысынан көбінде орталықтандырылған сумен қамту жүйесі тартылмаған. Соның ішінде төрт ауданда мүлдем жоқ. 2011 жылы осы проблеманы шешуге 30 млрд. теңге қаражат бөлінген болатын. Қазір бұл мәселе қалай шешілуде?
– Ауыз суға қатысты облыста қазір түйіні тарқатылмай тұрған үш нысан бар. Олардың жаңартылуы ұзаққа созылып кеткені рас. Дегенмен бұл үшеуі де жыл соңына дейін іске қосылады. Оның біреуі Аягөз ауданында жыл басында қолданысқа берілсе, Үржар ауданында қараша айында аяқталды. Сондай-ақ, қазір Бородулиха ауданындағы Белағаш топтық су құбырында мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Аталған нысандардан басқа Аягөз қаласында ауыз сумен қамту мәселесі өзекті болып тұр. Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлерге орталықтандырылған су жүйесі жеткізілсе, жеке үйлерді сумен қамту жағы қиынға соғуда. Ол аумақта шамамен 12-15 мың шаңырақ тұрып жатыр. Сондықтан қаланың осы аумағындағы тұрғындарды ауыз сумен қамтудың жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, алдағы екі жылда іске асырылады. Аягөз қаласының әкімі ЕҚДБ бірлесіп тиісті жобаны жасап қойды. Біз өз тарапымыздан проблеманың толық шешілуіне барынша ықпал етеміз.

Аяулым Совет, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті:
– Шығыс Қазақстандағы әлеуеті жоғары салалардың бірі туризмді дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Өңірге туристерді тарту үшін ең әуелі инфроқұрылымды жетілдіру керек. Осыған орай Катонқарағай ауданындағы Рахман қайнарларына апаратын тас жолды жөндеп, облыс орталығынан Күршім мен Зайсан аудандарына жылдам, әрі қауіпсіз жетуге мүмкіндік беретін Бұқтырма су қоймасының үстінен көпір салу мәселесімен айналысып жатырмыз. Өскемен-Рахман қайнарлары тас жолының жөнделуі Катонқарағайға келуші туристердің қатарын көбейтуге ықпал етеді. Туристерді біз қалай тартамыз?! Ең әуелі отандық және әлемнің маңдайалды археологтарын Берелге жинап, «Патшалар жазығындағы» қорымдарды бірге зерттеуге шақырамыз. Бұл туризмді насихаттауға үлкен үмкіндік. Аталған жұмыстарды қаржыландыратын бағдарлама әзірледік.
Сонымен қатар қытайлық әріптестермен да өңірдің туристік инфроқұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар қарастырылуда.
Бұқтырма су қоймасында көпірдің болмауы, жолдардың сапасының төмендігі Күршім ауданындағы Марқакөл секілді ғажайып табиғаты бар өлкеге туристер легінің ағылуына кедергі келтіруде. Сондықтан біз бұл мәселелермен айналысып жатырмыз, келешекте шешімін табады.

Балды түр-түрімен сататын боламыз

Баубек Қоңыров, «Қазақстан жаңалықтары» ақпараттық агенттігі:
– Шығыстың балы ресейлік омарташылардың өнімдерімен бәсекеге түсе ала ма? Астанада өткізіліп жүрген көрмелерде неге ресейлік балды жиі көреміз? Ал сіздердің өңірден келетіндер аз.
– Өзіңіз айтып отырған көрмелерге әкелінген балдың басым үлесі Шығыс Қазақстан облысынан жеткізілген шындығына келсек. Бүгінгі күні өңірде омарташылықпен айналысатын адамдар саны жылдан-жылға артып келеді. Соған сәйкес біз балды өткізу нарығы да анықталған. Мектеп оқушыларының тамақтану рационына бал енгізілген. Алайда біз әлі күнге өнімдерімізді жақсылап қаптауды және түрлеріне бөліп сатуды мықтап жолға қоя алмай келеміз. Мәселен, тоспамен, қара бүлдіргенмен қосылған балдар түр-түрімен сатылса қандай өтімді. Сол секілді омарташыларға жекелеген емдік шөптерге байланысты бал өндіру ұсынылған. Мұның нәтижелерін болашақта көре жатармыз.

«24 kz» телеарнасы:
– Семей, Риддер, Зырян сияқты қалаларда коммуналдық жүйелердің 70-80 пайызы тозған деген ақпарат бар. Соның салдарынан қыс маусымында апаттық жағдайлар жиілеп кетеді. Бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар қолға алынған?
– Елбасы тапсырмасына сәйкес Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірлесіп жылумен, сумен қамту жүйлерін жаңғырту жобалары іске асырылуда. Олардың жалпы құны 23 млрд. теңге. Айталық, Семейдің жылу жүйелерін жаңартуға келесі жылы 11 млрд. теңге қарастырылып отыр. Оған қоса бұл қалада сумен қамту жүйелері жаңғыртылады, нақтырақ айтқанда биологиялық су тазарту қолданылады. Өскеменде де жеті млрд. теңгенің жобасы іске асырылады.
Жалпы, бұл мәселе Риддер, Зырян, Аягөз қалаларында да бар. Дегенмен алдағы екі жылда аталған қалалардағы сумен, жылумен қамту мәселелері толық шешімін табады.
Олег Кравченко, журналист:
– Индустрияландыру картасына енген жобалардың ішінде екеуі тоқтап тұрса, жетеуі толық жобалық қуатына шықпағанын білеміз. Бұл проблемалардың туындауына не себеп?
Екінші сұрақ, салафиттік идеологияны ұстанушылармен қандай жұмыстар жүргізілуде?
– Иә, бізде жобалық қуатына шыға алмаған он жоба бар. Оның бесеуінің қуаты 60-тан 95 пайызға дейін. Мәселен, соның ішінде Жарма ауданындағы қытайлық серіктестірмен бірге салынған жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін «Қазақцемент» жобасын айтуға болады. Бұл кәсіпорын қазір өсу үстінде және елдегі құрылыс саласының сұранысын қаматасыз етуде. Бұдан бөлек шынымен де тоқтап тұрған екі жоба бар, олар – Семейдегі теміржол көліктеріне тежегіш колодкалар шығаратын кәсіпорын мен Жармадағы әктас өндіретін зауыт. Бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдаған регламентке сәйкес семейлік зауыт сертификаттаудан өтетін болса, жұмысын жалғастыруға кедергі жоқ. Ал енді әктас шығаратын «Теньши» зауытына келсек, жұмыс істеп тұр. Бірақ технологиялық мәселелері шешілмеген. Бір қызығы Қазақстан шамамен бір миллион тоннаға жуық әктасты сырттан, Өзбекстан, Ресей секілді шетелдерден әкеледі.
Қазіргі күні аталған зауыт пен «ҚазМинерлс» компаниясы арасында келісім жасалды. Биыл 96 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Алғашқы бес мың тонна әктас сатылды. Келесі жылы бұдан да нәтижелі жұмыс істейтін болады. Мен бұл проблемаларды жақсы білемін, бірнеше рет жауапты адамдармен мәселені талқыладық. Алдағы уақытта бәрі ойдағыдай болады.
Екінші сұрақа келсек, жасыратыны жоқ дін саласында түйіні тарқатылмай жатқан түйткілдер бар. Мен өзім бірнеше рет өңірдің имамдарымен, православиелік, католктік христиан діні өкілдерімен кездесіп, сөйлестім. Сондай-ақ, халық арасында діни ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін құрамында 324 адамнан тұратын арнайы топ жұмыс істейді. Топ мүшелері біліктілікті арттыру бағытында арнайы курстарда оқытылады. Оған қосымша жоғары білімді теологтар тартылған. Біздің идеологияға жауапты адамдар жылдар бойы қордаланып келген бұл мәселені қатаң назарда ұстап, оны шешу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізуде.

Есімжан Нақтыбайұлы,
Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button