Ресми

Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Сапанов Дархан Бақытжанұлы тағайындалды.

Дархан Бақытжанұлы 1985 жылы 2 қаңтарда Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін (инженер-жылу энергетигі) және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін (менеджер) тәмамдаған.

2007 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2008 жылдан «Астанаэнергосбыт» ЖШС инженері, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің сарапшысы қызметін атқарды.

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің бас сарапшысы, бас консультанты, сектор меңгерушісі, бас инспекторы, индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдың қараша айынан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып істеген.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button