Қоғам
ШҚО әкімі салалық басқарма басшыларымен кеңес өткізді
Ермек Көшербаев басқарма басшыларымен кеңес барысында ШҚО-да жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.
Облыс әкімі салалық басқармалар басшыларының алдына бірінші кезектегі міндеттер қойып, Жылыту маусымына толықтай дайын болуды тапсырды, деп хабарлайды Didar ақпарат.
-Жаз өте тез өтеді. Сондықтан облыстағы барлық аудан кестеден қалмай жұмыс жасауы керек. Ал тұрғындар өз аудандарында жүзеге асып жатқан жобалармен еркін таныса алуы шарт. Мектеп, балабақша немесе жол жөндеу жұмыстары болсын халық сапасын көріп, тексере алуы керек, -деді Ермек Көшербаев.
Аймақ басшысының айтуынша өңірдегі жобаларда әлеуметтік салаға баса назар аударылатын болады. Өйткені облыс тұрғындарының әл-ауқаты соған тікелей байланысты.
Ынтымақ Толқын