ТОП

Облыс әкімі: Омбы-Майқапшағай жолындағы жұмыстар бақылауда

Тарбағатай өңірінің ардагерлері облыс әкімі Ермек Көшербаевқа Омбы-Майқапшағай жолын жөндеуге қатысты сауал қойды.

Аймақ басшысы бұл мәселенің бақылауда екенін атап өтті, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Жөндеу жұмыстары биылғы желтоқсан айына дейін аяқталады деп жоспарланған.

– Жалпы, шекара маңындағы аймақтарды дамыту мәселесі – өте маңызды.  Оны Президент Ұлттық құрылтай отырысында көтерді. Өйткені үлкен әкімшілік жұмыс талап етіледі, – деді Ермек Көшербаев. – Біз ол жерге өз жерлестерімізді, мамандарды тартуымыз керек. Бұл – мемлекеттік маңызы бар, ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселе.

Осы айдарда

Back to top button