ТОП
Облыс әкімі: Омбы-Майқапшағай жолындағы жұмыстар бақылауда
Тарбағатай өңірінің ардагерлері облыс әкімі Ермек Көшербаевқа Омбы-Майқапшағай жолын жөндеуге қатысты сауал қойды.
Аймақ басшысы бұл мәселенің бақылауда екенін атап өтті, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Жөндеу жұмыстары биылғы желтоқсан айына дейін аяқталады деп жоспарланған.
– Жалпы, шекара маңындағы аймақтарды дамыту мәселесі – өте маңызды. Оны Президент Ұлттық құрылтай отырысында көтерді. Өйткені үлкен әкімшілік жұмыс талап етіледі, – деді Ермек Көшербаев. – Біз ол жерге өз жерлестерімізді, мамандарды тартуымыз керек. Бұл – мемлекеттік маңызы бар, ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселе.