Қоғам

Облыс әкімі оқиға орнынан табылды

Біздің қала тұрғындары үшін қыстың басы оңай болды деп айта алмаймыз. Қыс Риддерде еліміздің басқа аймақтарына қарағанда әлдеқайда ертерек түседі. Риддер жылу электр орталығының төңірегіндегі оқиғалар – әлі де бүкіл ел тұрғындарының жіті назарында. Қаламызға Екібастұздағыдай коммуналдық коллапс қаупі төнгенде Даниал Кенжетайұлы Ахметов оқиға орнына дереу жетіп, жедел басқаруды өз қолына алды, төтенше жағдайды жою жөніндегі штабты да өзі басқарды. Оның сауатты басшылығы, сондай-ақ осы апталарда тәулік бойы жанқиярлықпен жұмыс істеген мамандардың ұйымшылдығы арқасында жағдай реттеле бастады. Бізге жан-жақты қолдау көрсетілді, бұл ретте Риддер тұрғындары алғашқы кезекте аймақ басшысына ризашылық білдіреді. Даниал Ахметовтің облыс әкімі лауазымына қайта тағайындалуын барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары көпшілік дауыспен қолдап отыр. Бұл – халық қалаулылары арқылы білдірілген Шығыс жұртының зор сенімі.

Галина Гильдерман,

Риддер қаласының Құрметті азаматы, меценат, «Бірлік» қоғамдық қорының басшысы

Осы айдарда

Back to top button