Қоғам

Облыс біріншілігіне жолдама алды

Ауданда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, 2004-2006 және 2007-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақша күрестен ауданаралық жарыс өтті.

Жарысқа Катонқарағай мен Алтай аудандарының жас балуандары қатысты.

– Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Мұндай жарыстар балалардың тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді. Турнир жеңімпаздары Жаңа Бұқтырмада өтетін облыстық жарысқа жолдама алды, – дейді жарыстың бас төрешісі, аудандағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Арыстанбек Бадисолтанов.

Турнир жеңімпаздарына қысқаша тоқталсақ, бұл жолғы бәсекеде М.Сайлаубеков, Д.Төлегенов пен А.Жамбылов (бәрі Алтай ауданы), сондай-ақ Ә.Шаймардан, М.Мағжанов, М.Тоқтасынов, Ә.Қабдолда, Т.Арыстанбекұлы, Е.Тоқтағұлов, А.Фархатұлы, М.Мұратбек, Б.Мұқанов, А.Мамырбек, Е.Елғазыұлы, А.Мырзағалиев, Н.Ерболұлы, С.Адайқанов пен Қ.Молдабаев (бәрі Катонқарағай ауданы) өз салмақтарында топ жарды.

 

Тимур Смағұлов

Осы айдарда

Back to top button