Қоғам

Қоғамдық ұйымдар қолдау білдірді

Қоғамдық ұйымдар қолдау білдірді


Өңірдің қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдары әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін жоспарланған кезектен тыс президент сайлауының өтуін қолдайтындарын білдірді. Өскемен қаласындағы талдау және болжау институтында бас қосқан бірнеше қоғамдық ұйым өкілдері еліміздегі соңғы оқиғаға орай дөңгелек үстел өткізіп, өз ойларын ортаға салды.

– Қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігі 2020 жылы тоқтауы тиіс болғандығын бәріміз білеміз. Дегенмен ол мықты саясаткер ретінде ел дамуындағы саяси маңызы жоғары қадам жасады. Жалпы, елде саяси тұрақсыздық орнамау үшін мұның дұрыс шешім екенін халық та түсініп отыр. Өйткені күн сайын әлемде түрлі қақтығыстар белең алып тұрған кезеңде Президентімізді сайлап, іргемізді бекітіп, береке-бірлігімізді танытқанымыз абзал. Біз алдағы уақытта өтетін Президент сайлауына салғырт қарамауымыз керек. Бұл сайлауда еліміздің тағдыры шешілетінін бәріміз білеміз. Жалпы, қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қоғамда алатын орны зор болғандықтан, сіздердің пікірлеріңіз де маңызды, – деп атап өтті талдау және болжау институтының директоры Олег Чернышов.

Өз кезегінде ұйым өкілдері де ойларын ортаға салды. Олардың пікірлері жан-жақты болғанымен, бәрінің күтетіні бір.

– Болашақ Президенттің елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға, қоғамдық тұрақтылық мәселелерін шешуге баса назар аударатынына сенімдіміз, – дейді Өскемен қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Серік Оразғалиұлы.

Дөңгелек үстел барысында қоғамдық ұйым өкілдері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел іргесін бекіту, қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыру, халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы ерен еңбегіне лайықты баға беріп, болашақ Президенттің де осы сара жолды жалғастыруға лайықты тұлға болғанын қалайтындарын білдірді. «Наше поколение» қоғамдық ұйымының төрағасы Марина Соловьева ұйым атынан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ядролық полигонды жауып, атомды бейбіт мақсатта пайдалануды насихаттаушы тұлға ретінде Нобель сыйлығына ұсыну қажеттігін де айтып өтті.

– Ел билігінің бейбіт жолмен ауысқаны бізде татулық пен береке-бірліктің бар екенін тағы бір мәрте айғақтайды. Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің қалыптасуына сіңірген еңбегі орасан. Болашақ Президентіміз де осы сара жолдан таймайды деген үміттеміз. Сол үшін лайықтысын бәріміз бірге таңдаймыз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауын 9 маусымға белгілегенін кәсіпкерлер палатасындағы іскер әйелдер де құптады. Сайланатые Президентіміз халықтың қамын ойлайтын, парасатты, алғыр да білімді жан болсын деген тілектеміз, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасындағы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Елена Березинская-Абилова.

Лаура Тілеубайқызы

Осы айдарда

Back to top button