Қоғам

Нысандардың сапасына мән берілуі керек

Құрылысы жүріп жатқан Катонқарағай ауылындағы спорт кешенінің және Үлкен Нарындағы бассейннің сапасын жіті қадағалау керек. Іссапармен Катонқарағай ауданына барған аймақ басшысы Даниал Ахметов осындай міндет жүктеді.

– Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жақсы. Біз өз тарапымыздан тұрмыс сапасын жақсартатын көптеген жобаларды қолдауға әзірміз. Аталған өңір үшін туристік бағыт басым екені белгілі. Осы ретте бірнеше кәсіпкер медициналық, ауылдық және археологиялық туризмді дамытуға грант алып отыр. Өз туған жерін өркендетуге күш пен қаржы салатындарға қолдау көрсетуді алдағы уақытта да жалғастырамыз, – деді Өрел ауылының тұрғындарымен кездесуінде облыс әкімі.

Аймақ басшысы аудандағы туристік-ақпараттық орталыққа барып, бұл жерге жергілікті кәсіпкерлердің сауда нүктелерін орналастыруды міндеттеді. Орталық бос тұрмай, бизнесмендер өз ісін дамытатын алаңға айналуы тиіс.

Сондай-ақ ол Катонқарағай ауылындағы спорт кешені құрылысының барысымен танысып, нысанды мерзімінде аяқтау үшін қосымша жұмыс күшін тартуды тапсырды.

– Үлкен Нарын ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің іргесінен бассейн салынуда. Бұл – өте қажет нысан. Жалпы, осы аса маңызды құрылыстардың сапасына жіті назар аударылуы керек, – деп ескертті аймақ басшысы.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button