Қоғам

“Нурикамал, Камалым-ай”…Нурикамал Сейітжанова өмірден өтті

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжанова 72 жасында дүние салды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы режиссер Қалила Омаров әлеуметтік желіге жазды.

Нурикамал Сейітжанова “Нұрикамал” әнінің тууына себепші болған, дейді kznews.kz.

Бүгінде ел арасына танылған “Нурикамал” әнінің шығу тарихы қызық. Әннің сөзін жазған – Ханбибі Есенқарақызы, ән авторы – Тұрдықылыш Ізтаев. Олар ерлі-зайыпты жандар. Ән Тұрдықылыш Ізтаевтың Нурикамал есімді қызға ғашық болуынан туған екен. Ән 1988 жылы жарық көрген. Ол кезде отбасының үш баласы болған.
Караван жаңалықтары – https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Осы айдарда

Back to top button