Nur Otan

Nur Otan партиясы сайлауалды уәделерін орындауға кірісті – ШҚО

ШҚО-да Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы талқыланды.

Облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясы депутаттарының отырысы өтті. Жиында партияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды уәделерін іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасы талқыланып, 182 іс-шара енгізіліп, 24 нысаналы индикатор айқындалды. «Nur Otan» Партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жобасына өңір тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелердің шешімі енгізілгенін атап өтті.

– Жол картасында өңірді дамытудың 7 басым бағыты айқындалған, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button