Қоғам

№ 47 автобустың бағыты уақытша өзгереді – Өскемен

10 мамырдан бастап “Ивушка-Лесхоз” бағытында жүретін № 47 автобустың бағыты уақытша өзгереді.
Жолаушылар тасымалын басқару орталығының мәліметіне сүйенсек, Пушкин көшесінің Алтай көшесімен қиылысынан Черняховский көшесінің қиылысына дейін құбыр желісі төселуіне байланысты көлік қозғалысы шектеледі.
– 10 мамырдан бастап № 47 автобус Черняховский және Алтай көшелерін айналып өтеді. Яғни “Алтай” және “Черняховский” аялдамаларында тоқтамай, “Жуковский”, “Мектеп”, “Полтавская”аялдамаларына тоқтайды,- делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін автобус қайтадан әдеттегі бағытымен жүретін болады.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button