Қоғам

Нигерияда балалар ашығып жатыр

Нигерияда балалар ашығып жатыр


Нигерияның солтүстік-шығысында 50 мыңдай бала аштан қырылуы мүмкін. Тағы 244 мың жеткіншек тойып тамақ ішуге зар. Батыс және Орталық Африкадағы ЮНИСЕФ директоры Мануэль Фонтен осындай мәліметтерді жайып салды.

Оның айтуынша, Борно штатындағы көптеген тұрғындар лаңкестер қиратқан қалаларда адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр. Тойып тамақ ішпек түгілі жергілікті халық бір жұтым таза суға зар болып отыр.

Аймақтағы ЮНИСЕФ басшысы ауыр жағдайды түзеу үшін әлемдегі донор елдерден қаржылай көмек сұрады. Бұған дейін де Біріккен Ұлттар Ұйымы Нигерияда екі жарым миллион тұрғын аш-жалаңаш тұрмыс кешіп жатқанын жалпақ әлемге жариялап, дабыл қаққан болатын.
Сондай-ақ, «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымы Нигерияның Бама қаласында бір айдың ішінде 200-ден астам тұрғын аштан бұратылып о дүниелік болып кетті деген суық хабар таратқан болатын.

Қытай қорғаны опырылып түсті

Толассыз жауған жауын-шашынның салдарынан Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі опырылып құлады. Бұл туралы қытайлық ақпарат көздеріне сілтеме жасаған Ресейдің «ТАСС» агенттігі хабарлады.

Оқыс оқиға Бейжіңге жақын жерде орын алды. Сел салдарынан құрылымның бір бөлігі құлады. Нақтырақ айтсақ, көшкін Цзюйюнгуань заставасының маңындағы көне құрылымның 30 метрге жуық бөлігін опырып кетті. Бұл застава Бейжіңнен 50 шақырым жерде тұр.
Застава маңында орналасқан Шисаньлин мемориалдық кешені өкілінің сөзіне қарағанда, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында сонымен қатар, бір топ археологтар мен геологтар жұмыс істеп жатыр. Олар келтірілген залал мен жаңа көшкіндердің пайда болу мүмкіндігін бағалайтын болады. Қазіргі күні аталған елде қауіптіліктің сары деңгейі жарияланған.

Аса қауіпті ауру жылдам тарала бастады

Америкалық және британдық дәрігерлер қос құрлықтың ауруханаларында қауіпті мультирезистентті саңырауқұлақша ауруы тарала бастағанын айтып, дабыл қағуда. Бұл дерттің қауіптілігі сол, науқастың денесіне кіріп, ішкі инфекциялардың туындауына әсер етеді.
Мамандардың айтуынша, оны қарапайым медициналық дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкін емес. Қауіпті вирус адам денесіндегі саңырауқұлақшаға қарсы дәрілерді сезіне алмайтын бөлігін зақымдайды.

Британдық дәрігерлер «Candida auris» деп аталған бұл ауруды адамның алғаш жұқтыру дерегі 2009 жылы Жапонияда тіркелген. Содан бері аталған ауру Ұлыбританиядан бастап, Тынық мұхиты аумағында, Оңтүстік Азияда, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Америкада орналасқан тоғыз елде таралған. Осы жағдайға байланысты мамандар, аталған елдердің медицина мекемелеріне сақ болуды ескертуде. Өйткені, бұл вирус емделушілердің 60 пайызын ажал құрығына іліктіретіні айтылуда. Қазіргі уақытта әлемнің маңдайалды ғалымдары қауіпті құбылыстың бетін қайтаратын дәрі-дәрмек ойлап табу мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Осы айдарда

Back to top button