Экономика

Несиені күтумен жарты жыл өтті

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша биыл Глубокое ауданында 27 адам жаңа кәсіп көзін тауып, 26 кәсіпкер өз қызметтерін кеңейтіп отыр.

Несиені күтумен жарты жыл өттіНесие алған осы 53 ауыл кәсіпкері жаңадан 122 жұмыс орнын ашқан. Несие алушылардың 33 пайызы берілген қаржыға сауынды сиыр сатып алып, мал өсіруге кіріссе, бес адам құс өсіруді қолға алған. Жұмыссыз жүрген тоғыз адам қазір шаштараз, дәмхана, киім шеберханасын ашып, халыққа қызмет көрсетіп жатыр.

Глубокое аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Дәулетхан Мыржықовтың айтуынша, ауыл тұрғындарынан шағын несие алуға өтінімдер көптеп түсіп жатыр. Алайда несиеге бөлінген қаржыны күтіп ай санап жүрген жұмыссыздар мен кәсіпкерлер де аз емес.

– Өндірісті кеңейтуге 15 млн. теңге несие сұраған өтініміміз қанағаттандырылып, жыл басында облысқа жолданған болатын. Жарты жыл өтті, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан әлі хабар жоқ, – дейді жиһаз шығарып жатқан кәсіпкер Ерлан Төрехан.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button