Экономика

Несие алғандардың еңбегі жанды

Зырян ауданындағы Северное ауылындағы жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар азаматтар «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысуда.

Несие алғандардың еңбегі жандыҚазіргі уақытта ауылдың 11 тұрғыны жалпы жиыны 22,5 миллион теңге несие алды. Солардың ішінде Қытайдан атамекеніне оралған төрт отбасы бар.

Жобаға қатысушы Г.Дүйсекина 12 миллион теңгені тауық өсіруге жұмсамақшы. Бұл күндері құс өсіретін орынды дайындап, қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, орнатты. Қазіргі уақытта алты мың балапан әкеліп, өсіріп жатыр. Балапандарға берілетін азық қорын да әзірлеп алды. 12 адамды жұмысқа тартты. Алдағы уақытта қоян өсіруді де жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, мал шаруашылығын өрістету бағытында жұмыс істейтін азаматтар жалпы жиыны 10,5 миллион теңге несие алды. Солардың алды он ірі қара малын сатып алып, өсіруде. Ауыл экономикасын жаңғырту үдерістерінде құрылған жаңа өндірістер мен жұмыс орындары тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жақсаруына оң ықпалдарын тигізуде.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button