Экономика

Өнеркәсіптерде бос жұмыс орындары көп

Шығыс Қазақстан облысы бос жұмыс орындары жағынан еліміздің басты қалалары – Астана және Алматыдан кейін үшінші орында тұр.

Өнеркәсіптерде бос жұмыс орындары көпСтатистика агенттігінің мәліметіне жүгінсек, ағымдағы жылдың басындағы жағдай бойынша бос жұмыс орындардың көбі өңірлердегі ірі және орташа кәсіпорындарда байқалған.

Атап айтсақ, Астанада – 5044 бос орын, Алматыда – 4964 жұмыс орны бар, ал Шығыс Қазақстанда – 3 039 жұмыскердің орны бос тұр.

Елордада көбінесе денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету, оңтүстік астанада сауда-саттық, автокөлік жөндеу салаларының мамандары жетіспесе, ал біздің облыста өнеркәсіп орындарына жұмыскерлер қажет екен.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button