Не үшін вакцина алу керек?

Биолог, медицина докторы Ботагөз Кәукенова вакцинация туралы ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
– Екпе алу керек, себебі қоғамдағы вирустың айналымын төмендетіп, өзіңді және екпе ала алмайтын адамдарды қорғау керек, пандемия аяқталуы үшін қажет.
– Вакцинаның бірнеше жылдан кейін жанама әсері байқалуы мүмкін бе? Жоқ. Бөліктер ағзада тез жойылып кетеді. Екі күн бұрын ішкен парацетамолдың таблеткасы сізге екі жылдан кейін әсер ете ме? Шаурманы жегенде сіз жанама әсері туралы ойланасыз ба? Жоқ.
– Вакцинаның бөліктеріне аллергиясы барларға, қазір ауырып жүргендерге, созылмалы аурулары асқынғандарға екпе жасатуға болмайды. Әзірге балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге де вакцина қабылдамаған жөн.
– 65 жастан асқан адамдарға салдыруға болады.
– Созылмалы аурулары бар адамдарға дәрігердің кеңесімен алуға болады.
– «Ресейлік» және «қазақстандық» вакцинаның айырмашылығы жоқ. Қарағандыда вакцинаны өндірмейді, тек Ресейден келген «бөлшектерден» құрастырады.
– Вакцинациядан кейін ауырып қалу мүмкін бе? Мүмкін. Сіз, мәселен, екпе жасалған күні ауруыңыз мүмкін. Вакцинада антидене болмайды, оларды сіздің денеңіз өзі түзеді. Антиденені жасау үшін ағзаға екі-үш апта керек. Вакцинаның екінші дозасын 21 күннен кейін алу керек. Екінші доза салынған соң 2-3 апта өткенде сізді қорғайтын антидене жеткілікті дәрежеде түзіледі.
Әзірлеген – Жасын Қалибек