Қоғам

«Өндірістің» болашағы зор

 «Өндірістің» болашағы зор


Қазіргі уақытта облыста үш индустриальды аймақ бар. Семейге келген сапарында облыс басшысы Даниал Ахметов «Өндіріс» индустриялық дамыту аймағына барып, одан соң «КХ Игеру» ЖШС-інде болды. Бұнда пойыздарға қажетті тежеуіш қалыптарды және жылжымалы кұрамдарды өндіреді.

– Ішкі нарықта отандық тауарларды өткізуге тырысамыз,-деді «КХ Игеру» ЖШС жетекшісі Ғаббас Ибраев,- импорттық өнімдерге қарағанда өзіміздің өнімдерді пайдалану тиімді бағада болғандықтан, халықтың сұранысын қанағаттандырудамыз. Отандық тауарлардың бәсекелестігін көтеру бойынша да жұмыс істеп жатырмыз. Осында өндірістік қондырғыларды жаңартып, жобаларымызды жетілдірмекпіз. Негізінде индустриялық-инновациялық жобаларды қолға алғанда ең алдымен өндірілген өнімді қайда өткізуді, шикізат базасын қайдан жасақтауды әбден зерттеп аламыз. Жұмысшыларымыз да өз ісінің шеберлері.

«КХ Игеру» ЖШС шығаратын пойыздар мен автомобильдер үшін таптырмайтын қосалқы бөлшек бүгінде үлкен сұранысқа ие. Тежеуіш қалыбын шығарумен айналысатын осы кәсіпорын айналасы бір жыл ішінде іске қосылған. Кәсіпорын құрылысына бір миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. Ал бұған дейін аталмыш қажетті қосалқы бөлшек сонау Украинадан тасымалданып келіпті. Жаңа кәсіпорынға француз құрал-жабдығы орнатылған. Мұның өзі бағасы арзан, оның есесіне сапалы өнім шығаруға жол ашып отырған көрінеді. Соның айғағындай, біздің өнім Ресей мен Еуропа темір жолында да пайдалануға әбден жарамды, – дейді Ғаббас Ибраев. Облыс әкімі осында шығып жатқан өнімдерді көріп, жұмысшылармен сөйлесе келе, кәсіпорынның жұмысына оң бағасын берді.

Раушан Нұғманбекова
Семей.

Осы айдарда

Back to top button