ЖаңалықтарТОП

Найзағай және бұршақ: ШҚО-да ауа райы бұзылады

Шығыс Қазақстанда ертең ауа райы бұзылады.

10 маусым күні шығыста жауын-шашын болады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

“Қазгидромет” ШҚ филиалының ақпараты бойынша, облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай болып, бұршақ жауады, шаңды дауыл соғады.

Күндіз шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20,  кей жерлерде 23 метрге жетеді.

Облыстың оңтүстігінде сынап бағаны +36 градусты көрсетеді. Солтүстік-батысында және солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Осы айдарда

Back to top button