Қоғам

Наурыз тойлаудың тұжырымдасы шықты

Көңілге шуақ сыйлар көктем мерекесі көже ішіп, шапан киюмен ғана шектелмейді. Биыл наурыз мейрамын он күн бойы тойлатамыз. «Ашық НҚА» сайтында Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын бекіту туралы Қаулы жобасы жарияланды.

Ұлыстың ұлы тойына орай әрбір күн ұлттық құндылықты дәріптеуге бағытталған. Тұжырымада бойынша мейрам көрісу күнімен басталып, жоралғы күнімен аяқталады.

14 наурыз – «Көрісу күні»;

15 наурыз – «Жайлау күні» ;

16 наурыз – «Шежіре күні» ;

17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні» ;

18 наурыз – «Игі істер күні»;

19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні»;

20 наурыз – «Зияткерлік күні»;

21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»;

22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»;

23 наурыз – «Жоралғы күні».

Наурыз мейрамының негізі мақсаты – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру, – делінген құжатта.

Алтай Ғали-Асқар

 

 

Осы айдарда

Back to top button