Қоғам

Науқастардың саны артып келеді

Елімізде жұқпалы дерттің күрт өршуі байқалады. Өткен тәулікте республика аумағында 3095 жаңа жағдай тіркелді, бір күн бұрын анықталған науқастардың саны  2 684  еді.    

          Коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облысымыз тұрақты түрде «жасыл» аймақта болғанымен, күн сайынғы жаңа жағдайлардың саны артып келеді. Соңғы тәулікте өңірімізде 25 науқас анықталды, бір күн бұрын ғана бұл көрсеткіш  20 болған.

Шілде айының басынан өңірімізде 175 науқас тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 24,4-ті құрап отыр, өсім қарқыны тәулік ішінде 18,2%-ға жетті.

Өркениетті елдер арасында COVID-19 инфекциясының айналымдағы және жаңа штамдарымен күресудің тиімді шараларының бірі ревакцинация болып танылды. Өңірдің «жасыл», «сары», «қызыл» аймақтарға бөлінуі кезінде де  тұрғындардың вакцина салдыру, ревакцинация деңгейі, аурушаңдық көрсеткіші (R) ескерілетінін еске салғымыз келеді. Өңір «жасыл» аймақта болып, бірақ «R» саны жоғары болса, жабық орындар мен қоғамдық көлікте маска кию ұсынылады. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  қалыпты өмір сүру үшін облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға, ревакцинация жасатуға шақырады.

Кәмал Ескен

Осы айдарда

Back to top button