Жаңалықтар

Наубайхананың нанына наразы

Көкпектідегі наубайхана нанының ішінен түрлі қалдық заттар шықты. Тұрғындар кәсіпорын басшылығына шағымданды.

Наубайханада тәулігіне 3000-нан астам өнім шығарылады. Тұрғындардың айтуынша, мұнда санитарлық талаптар сақталмай келеді. Қызметкерлері санитарлық қолғапсыз, арнайы жұмыс киімінсіз жұмыс істейді.

– Қазір ауданда шығатын нанның сапасы нашарлап кеткен. Кей нанның ішінен тазаланбаған форма қалдықтары, шаш, ағаш жаңқалары шығып жатады. Тіпті видеоға түсіріп жіберген болатынбыз. Сапасы төмен, – дейді аудан тұрғыны Асыл Төлешева.

Түскен шағымды ескеріп, аудан әкімінің орынбасары, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы кәсіпорындағы санитарлық талаптарды, кәсіпорын басшысының жұмыс талаптарына мониторинг жүргізді. Мониторингтік топ нан шығаратын кәсіпорынға соңғы рет ескерту беріп, алдағы уақытта тұрғындар тарапынан тағы да шағымдар түссе, қатаң түрде шаралар қолданатынын жеткізді.

Жасын Қалибек

Осы айдарда

Back to top button