Қоғам
Мәжіліс депутаты кітапхана оқырманы болып жазылды
Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева Пушкин атындағы облыстық кітапханада қонақта болды.
Кітапхананың қызмет көрсету залдарының жұмысымен танысқан ол мұндағы балалар бөлімінің, IT отау, «Шеберлер мектебі» сияқты инновациялық алаңдарда пайдаланушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.
Ал кітапхана қолға алған «Кедергісіз кітапхана» жобасы мен нашар көретін жандарға арналған ағылшын тілі курстары депутаттың қызығушылығын туғызды. Сондай-ақ, кітапхана пайдаланушылары – зейнеткерлер, интернет-тренинг қатысушылары, қолөнер, тоқыма, көркемсурет үйірмелері мүшелерімен әңгімелесіп, өзі де кітапхана оқырманы болып жазылды.