Қоғам
ҮМЗ-ның қоймасындағы өрт ауыздықталды
Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытының жұмыс істемей тұрған корпустарының бірінің шатыры отқа оранып, өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.
Өртті сөндіруге жүзден астам адам мен 14 техника тартылды. Қызыл жалын шамамен 300 шаршы метр аумақты шарпыды. Қазір өрт толық сөндірілді, ешқандай қауіп жоқ. Кәсіпорынның өндірісіне зақым келмеген.
Төтенше жағдайға байланысты «Қазгидромет» орталығының мамандары тәулігіне екі мәрте жылжымалы шағын әмбебап газанализаторды пайдалана отырып ауа сынамасын алды. Сынама қорытындысында күшәланың (мышьяк) және оның органикалық емес қосындылары мен формальдегидтің мөлшері анықталу деңгейінен төмен. Ауада бериллий шоғыры тіркелмеген.
Шығыс-Ақпарат