Мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Берікхан Тайжігіт, Үржар
Үржар ауданында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесіне көп көңіл бөлініп келеді. Мұнда еңбек жәрмеңкелері тұрақты өткізіліп, мамандық иелері өздері қалаған жұмыс орындарын тауып алып жатады.
Мәселен, биыл 51 адам жұмыс берушілердің тапсырысы негізінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға, 23 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 40 жас маман жастар практикасына және 361 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Жұмыссыз жастар үшін бұл қадам өте құптарлық іс болды. Олар өздерінің қалаған мамандықтары бойынша жаңа жұмыс орындарына орналасып жатыр.
Сондай-ақ мұнда жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 60 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланған. Жалпы, аудан экономикасының әр саласында 1024 жұмыс орны құрылды.