Музыкант балалар өнерін паш етті

Өскеменде музыкант балалар бәйгеге түсті. Оқушылар арасындағы фетиваль облыс орталығындағы №1 балалар музыка мектебінде өтті.
Бұл 51-ші республикалық «Жас музыкант» фестиваль-байқауының облыстық кезеңі. Сайыс ішекті, үрмелі аспаптар және ансамбльдер деген екі бағыттан тұрды. Республикаға өңірдің атынан баруға лайық 200 жас шебер кіші, орта, жоғары санаттар бойынша сынға түскен еді. Олардың ішінде өскемендік өрендермен бірге Семей және Риддер қалаларынан, Үржар, Глубокое аудандарынан келген оқушылар бар.
Сендер жассыңдар, алайда қазірдің өзінде музыкантсыңдар. Өнердегі өз биіктеріңді бағындыру үшін осы бастан көп күш жұмсағандарың абзал. Сайыс – шеберлерді қалыптастыратын ерекше орта. Әрқайсыңның «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атануға мүмкіндігің бар. Бәріңе сәт-сапар!» деп қазылар алқасының төрағасы Анатолий Симоненконың байқау алдында айтқан осы лебізі жас шеберлерді бір жігерлендіріп тастады, рас.
Ұйымдастырушылар алқасы байқаудың өңірдегі музыкалық-педагогикалық білімді нығайтудағы рөлі зор дейді. Бұдан бөлек бұл шара, боламын деген баланың жарқын болашағына жол ашатын үлкен мүмкіндік екенін өзіміз де байқадық.
Шаршы топта өнерін паш етуге келген талапкерлердің кезегі ұзын сонар. Соған қуандық. Байқауды бір мезгілде екі залда өткізуге тура келді. Қатарынан қара үзіп шыққан жас музыканттар облыс атынан республикалық сынға түсуге жолдам алады.
Оразай Жеңісұлы