Руханият

Мұражайды аралады

«Өткенге көз жібермей болашақты болжау жоқ» деген. Өскелең ұрпақтың өткенін біліп өсіп-жетілуі қашанда маңызды.

Осыны ескерген Аягөз гарнизонының «Оңтүстік» қалашығында тұратын әскери қызметшілер өз перзенттерін ауданның өлкетану мұражайына апарды. Балалар жылына орайластыра ұйымдастырылып отырған іс-шара барысында жас ұрпақ мұражай ішіне экскурсия жасап, аралады. Олар осы өңірдің ежелгі палеонтология дәуіріне саяхат жасап, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі және адамдардың кейінгі жүріп өткен жолы жайлы құнды мағлұматтармен танысып, сирек кітаптар мен деректі құжаттар, қолжазбалар мен фотоматериалдардан жасалған  коллекцияларды өз көздерімен көріп, қанықты.

Сондай-ақ мұражайға келген әскери қызметшілердің балалары бұл күні Аягөздің өткен тарихымен және өздерінің ата-аналары қызмет етіп жатқан әскери гарнизонның кешегісі мен бүгінгісі жайлы да ақпаратпен танысып қайтты.

Аягөз ауданы.

 

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button