Қоғам

Мүлікті кепілден алу процесі жеңілдетілді

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Halyk Bank-пен бірлесіп, жылжымайтын мүлікті кепілден шығару процесін жеңілдетті. Енді банк клиенттері мүлікті ХҚО-ға бармай-ақ, кепілден алып тастай алады.

Halyk Bank клиенттеріне мүліктен кепілді алу үшін ХҚО-ға бармаса да болады.

– Азаматтар мүлікті кепілден шығару бойынша өтінімді Halyk Homebank мобильді қосымшасында рәсімдеп, төлем жасай алады. Жаңа сервис қызмет көрсету мерзімін үш күннен 5 минутқа дейін қысқартты. Енді құжаттар жинап, ХҚО-ға жүгінудің қажеті жоқ, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жаңа технологиялардың арқасында азаматтардың ХҚО қызметкерлерімен бетпе-бет байланысы да шектеліп келеді, бұл деректердің бөгде тұлғаларға беріліп кетуін болдырмайды.

Жылжымайтын мүлікті кепілден шығару – облыс тұрғындары арасында ең жиі сұралатын қызметтің бірі. Жыл басынан бері 2940 мүлік кепілден алынып тасталды.

 Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button