Қоғам

Мұғалімдерді жұмысқа алу тәртібі өзгереді

Еліміздің білім саласында соңғы кезде жиі-жиі реформа жасалып, заман талабына сай бағыты мен бағдары өзгерген. Білімді әрі білікті ұрпақты болашаққа даярлайтын бұл саланың атқарып жатқан ісіне ризашылық білдіріп жатқан жұрттың қатары да баршылық.

Жуықта мектепте білім беретін педагогты енді директор бірден жұмысқа ала алмайтыны туралы айтылған болатын. Алдағы уақытта білім басқармасы арқылы білігін көрсете білген маман ғана мұғалім атанбақ. Ол үшін үміткерлер кәсіби шеберлік бойынша сертификаттаудан өтеді.

– Педагогтарды жұмысқа қабылдау енді конкурс арқылы нақты біліктілік көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі. Біз оны электронды форматқа көшіреміз. 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша алғаш рет жұмысқа тұратын үміткерлер кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Яғни, енді дипломға қоса біліктілік алу міндетті болады, – деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Алтай Ғали-Асқар

Осы айдарда

Back to top button