Денсаулық сақтау

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар

Өскемен қаласындағы көпсалалы онкология және хирургия орталығы Ашық есік күндерін жалғастыруда. Алдағы сенбі, яғни, 2021 жылдың 6 ақпанында сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша кезекті Ашық есік күнін өткізеді. Келушілерді білікті онколог-дәрігерлер қабылдап, кеңестерін береді. Өзімен бірге жеке куәлігі және маска болуы керек, емхана дәрігерлерінен жолдама талап етілмейді.

-Облыста эпидемиологиялық жағдай кез келген сәтте нашарлап кетуі мүмкін. Бұл бәлкім биылғы қыс-көктем мерзіміндегі соңғы осындай шара болуы да ықтимал. Сол себепті шығысқазақстандықтарға осы мүмкіндікті пайдаланып қалу туралы ескерткіміз келеді, – деді бізге орталықта.

Обыр дертінің көрсеткіштері жағынан  біздің өңір елімізде алғашқы орындардың бірінде. Ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алу жеңілірек екенін ескерсек, осы тамаша мүмкіндікті  жіберіп алмаған дұрыс.

 

Орталықтың мекенжайы:

Өскемен қ., Потанин көшесі, 6, 1-корпус.

Консултациялық-қабылдау бөлімшесі.

Байланыс телефондары:

+7 (705) 853-11- 77, 8 (7232) 70-59-22, 8 (7232) 70-59-76,

8 (7232) 74-26-98, 8 (7232) 74-28-35

Камал Естай

Осы айдарда

Back to top button