Руханият

«Үміт» жиырма беске толды

«Үміт» жиырма беске толды

Кеше Өскемендегі «Үміт» балалар үйі өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы орайда та ғдырдың жазуымен жетім атанған көңілі жарым, жүрегі жаралы бүлдіршіндерді жан жылуына бөлеп, пана болып отырған мекеменің қуанышына облыс әкімі Даниал Ахметов ортақтасып, арнайы барып құттықтады.
Уақыттан асқан жүйрік жоқ. Сонау 1996 жылы еліміздің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның бастамасымен құрылған балалар үйіне міне, ширек ғасыр толып отыр. Көзді ашып-жұмғанша зу ете түскен жиырма бес жылдың ішінде осынау алтын ұядан қаншама жүздеген балалар жаңа өмірге қанат қақты десеңізші. Қазіргі күні де мұнда жүзден астам жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер тәрбиеленіп жатыр.
«Үміт» балалар үйіне ат басын тіреген облыс әкімі Даниал Ахметовті тәрбиеленушілер қуана қарсы алды. Балалар үйінің кіреберісіне бүлдіршіндердің сүйектен, матадан және тағы басқа заттардан өз қолдарымен жасаған бұйымдары қойылыпты. Олардың әрқайсысынан бейкүнә бала жүрегінің лүпілін анық аңғаруға болатындай. «Тамаша» деді әкім таңданысын еш жасыра алмай. Содан кейін облыс басшысы тренажер бөлмесіне бас сұққан. Шыны ғамын, шымыр боламын деген балалар үшін мұнда барлық жағдай жасал ған екен. Бірнеше тренажерлермен қатар шағын теннис үстелі де орын теуіпті. Ал «Балапан» тобында ғы кішкене бөбектер облыс басшысына тақпақ айтып берді.
«Үміт» балалар үйінде балаларды психологиялық сергітудің сенсорлық бөлмесі де бар. Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ бұл бөлмеге де бас сұғып, психологпен де тілдесті. Психологтың айтуынша, күні бойғы ұзақ сабақтан шаршаған оқушылардың әрқайсысы осы бөлмеге келіп тынығып, өз күш-қуатын қалпына келтіре алады екен. Жанға жайлы тыныштық та осы бөлмеде.
Жалпы, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерінің үш тілді меңгеруге деген талпыныстары ерекше. Осы орайда облыс басшысы Даниал АХМЕТОВ балалар үйіндегі а ғылшын және қазақ тілдерін үйрететін үйірмелердің жұмысымен де танысты. Ағылшын тілінің мұғалімі Людмила Канинамен тілдесіп, облысымызда қазақ және ағылшын тілдерін оқытудың жаңа бағдарламасы жасалып жатқанын, оның әлемдегі жетекші оқу орындарының бірі болып саналатын Кембридж университетінің бағдарламасына негізделгенін, келесі жылы өңіріміздегі мыңнан астам ағылшын тілі мұғалімдері арнайы курстардан өтетінін айтты. Қазақ тілін оқыту кабинетінде болып, балалармен тілдескен облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ:
– Жиырма бес жыл бойы біз қазақ тілін үйреніп жүргенімізбен, бірақ оның сапасы жоқ. Сол себепті жаңа методика бойынша жаңа бағдарлама жасалып жатыр. Сол жаңа әдіс бойынша сендерді дұрыстап оқытатын боламыз. Сендер үш тілді жақсы меңгерулерің керек, – деді.

«Үміт» балалар үйінде өзін-өзі басқару ұйымы да жұмыс істейді. «Жас заңгер» құқықтық үйірмесі де бар. Олардың өзінің прокуроры, ізкесушісі мен судьясы, адвокаты мен полиция бөлімінің басты ғы бар. Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысымен танысқан облыс әкімі олар ға қолдау көрсетіп, ризашылы ғын білдірді.
– Демократия дегеніміз, ол ең алдымен – заң. Заңды, оның ішінде Ата Заңымыз – Конституцияны жақсы білу керек, – деді облыс басшысы.
Сондай-ақ, облыс басшысы балалар үйінің тәрбиеленушілері Ольга мен Эдуардтың жасаған құймағынан да дәм татты. Мұнда балаларды болашақ өмірге бейімдеу үшін түрлі ас мәзірін әзірлеуді үйрететін арнайы үйірме де бар. Бос уақыттарында балалар үйінің тәрбиеленушілері дәмі тіл үйіретін түрлі тағам түрлерін жасауды үйренеді.
Ал «Үміт» балалар үйінің шағын залына жиналған тәрбиеленушілермен кездескен облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ олар ға әкесіндей қамқорлық танытып, ақыл-кеңесін де аямады.
– Біздің керемет, ғажап еліміз бар. Ұлы Президентіміз бар. Біз өзге мемлекеттер 200 жыл бойы армандап жүрген жетістіктерге аз уақытта қол жеткіздік. Бұл – өте маңызды. Өздерің білесіңдер, еліміздің Ата Заңы «Біз Қазақстан халқымыз» деген керемет сөздермен басталады. Бұл нені білдіреді? Қазақстанда тұр ғындар көзінің түсіне, түріне қарай бөлінбейді. Біздің Ата Заңымыз өзге мемлекеттердің Ата Заңынан осынысымен де ерекшеленеді. Кейбір көрші мемлекеттерде «кіші халық» деген түсінік бар. Ал бізде ондай түсінік жоқ. Қазақстанның халқы біртұтас. Ендеше «Біз Қазақстан халқымыз» деп Конституцияда жазыл ғандай, біз қазақ, а ғылшын және орыс тілдерін жетік білуіміз қажет. Осындай көптілді меңгерген ұлт ретінде біз ал ға батыл адымдауымыз керек. Міне, көрдіңдер ме, сендер осындай елде тұрасыңдар. Мемлекет сендерге ешқандай мұқтаждық көрсетпейді. Біз сендерге сенеміз. Сендер еліміздің болаша ғысыңдар! Ол үшін сендерге жақсы оқу керек! – деді облыс басшысы.
Мұнан кейін облыс басшысы «Үміт» балалар үйінің директоры Майра Бейсеқанованың кеудесіне Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылды ғына арналған мерекелік медальді қадап, балалар үйінің бірқатар қызметкерлерін облыс әкімінің ал ғыс хатымен марапаттады.
«Үміт» балалар үйінің 25 жылдық мерейтойына орай облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ спорттық құрал-жабдықтарды тарту етті.
Осы күні «Үміт» балалар үйінің 25 жылды ғына орай қалада ғы Shiny River қонақүйінің мәжіліс залында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының республикалық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. О ған жергілікті атқарушы органдар мен патронаттық кәсіпорындардың өкілдері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қал ған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшылары мен балалар үйінің түлектері қатысты. Жиналғандар ең алдымен «Үміт» балалар үйінің жиырма бес жылдық тарихы мен бүгінгі келбеті туралы бейнефильмді тамашалады. Әрине, 25 жыл ішіндегі төгілген тер, атқарыл ған іс тек айту ға ғана оңай. Бүгінгі бағындыр ған биік пен жеткен жетістік – ерен еңбек пен төзімділіктің арқасы. Мұны өз сөзінде отырыстың тізгінін ұстаған облыстық білім басқармасы басшысы Асқар Нұр ғазиев та атап айтты. Отырыста сөз ал ған Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мәншүк Әбдікәрім еліміздің білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің құттықтауын жиналғандарға оқып берді. Сондай ақ, «Асыл бала» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Қымбат Арслан да үміттіктерді жиырма бес жылдық мерейтоймен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.
– Шы ғыс Қазақстан – Қазақстанның ірі өңірлерінің бірі. Мұнда ірі өндіріс орындары шоғырлан ған. Қазақстандағы түсті металлургияның отаны осы жер. Бұл киелі жерде 105 ұлттың өкілі тату-тәтті тұрып жатыр. Бұл – Абайдың, Шәкерімнің, Мұхтардың жері. Оралхан мен Қалиханның отаны. Сондықтан да мен ең алдымен бүгінгі қонақтар ға еліміздің Шы ғысына қош келдіңіздер дегім келеді, ¬ – деп сөзін бастаған облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар еліміздің тарихында ежелден жетімдер үйі дегеннің болмағанын, бірақ ашаршылық, со ғыс секілді небір нәубеттердің салдарынан елімізде балалар үйінің біртіндеп пайда бол ғанын, бүгінгі күні Қазақстанда 210 балалар үйінің бар екенін, оның 46-сы «Үміт» секілді ірі балалар үйі екенін айтты. Бүгінгі күні облыстық бюджеттің 62 пайызы әлеуметтік салаға, оның ішінде білім мен денсаулық саласына бөлініп отыр ған көрінеді. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсететін «Мейірім» акциясы туралы да сөз етті. Қазіргі күні Шығыс өңірінің осынау тәжірибесі өзге облыстарда да қолдау табуда. Сөзінің соңында облыс басшысының орынбасары «Үміт» балалар үйінің директоры Майра Баймұханқызына үлкен алғысын жеткізіп, мерейтоймен құттықтады.
Жиында «Әлеуметтік серіктестікті дамыту арқылы тәрбиеленушілерді өз бетімен өмір сүруге дайындау» тақырыбында «Үміт» балалар үйі директорының орынбасары Қ.Құсайынова баяндама жасады. 2011 жылы облыстық мәслихаттың сессиясының шешімімен «Облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлы ғынсыз қалған балалар ға қолдау көрсетудің 2011-2015 жылдар ға арналған кешенді бағдарламасы» жасалған болатын. Ба ғдарлама жүзеге асырылған жылдардың ішінде «Үміт» балалар үйі 69 патронаттық ұйыммен тығыз байланыс орнатып, жұмыс істеп келеді. Олар 145 тәрбиеленушіні өзінің қанатының астына алып, арнайы әлеуметтік шартқа қол қой ған. Сондай-ақ, олар жылына бір рет біркүндік еңбекақыларын «Тұр ғынүйжинақ банкіне» аударып отырады. Бүгінгі күні аталған банктегі балалардың есепшотында 80 822 504 теңге бар.
«Үміт» балалар үйі Алматы қаласында ғы №2 балалар үйімен де тығыз достық қарым-қатынас орнатқан. Жиын ға атал ған балалар үйінің тәрбиеленушісі Мария Шамрай сөз алып, өзінің ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, «Үміт» балалар үйінің түлектері де тебірене, жанарларына жас алып сөз сөйледі.
Жиыннан соң қонақтар ипподром ға саяхат жасап, иппотерапия арқылы жарымжан балаларды оңалту мен бейімдеу әдістерімен танысса, «Үміт» балалар үйінің 25 жылдығына арналған шаралар легі кешкісін қаладағы Металлургтер сарайындағы «Бір шаңырақ астында» атты кешке ұласты.

Мейрамтай Иманғали

Осы айдарда

Back to top button