Мәшинелеріміз Моңғолия нарығына шығады

Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ жұмыс сапарымен Моңғолия мемлекетінде болып, Моңғолия Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Цэрэндашийн ОЮУНБААТАРМЕН кездесті. Кездесу барысында автомобиль өндірісі саласындағы екіжақты серіктестіктің келешегі жан-жақты талқыланды.
Аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВ пен Моңғолия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Цэрэндашийн ОЮУНБААТАР автомобиль өндірісі саласындағы екіжақты серіктестік мәселелеріне тоқталды. Жақын уақытта Моңғолия тұрғындары «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингінің автокөліктерін пайдалануы әбден мүмкін.
Кездесу кезінде облыс әкімі тарапынан моңғол әріптесіне аталған мемлекеттің аумағында қазақстандық автокөліктерді нарыққа шығару мақсатында сату және қызмет көрсету жүйелерін құру жөнінде ұсыныс айтылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша жақын арада Моңғолия мемлекетіне аталмыш мәселелер бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы жіберілетін болады.
Жалпы, «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» – Еуразиялық одақтың автокөлік нарығына шығу жоспарын сәтті іске асырған бірінші қазақстандық компания. 2015 жылы қазақстандық холдинг Ресейдің 11қаласында өзінің 15 автоорталық жүйелерін ашты.
«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» қазақстандық холдингінің келісімшарттық аумағы 7 мемлекетті, соның ішінде Қазақстан мен 84 млн тұрғыны бар Ресейдің азиялық бөлігін құрайды.
Айта кету керек, облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ бұған дейін Әзірбайжан Республикасының Премьер-министрі Артур РАСИ-ЗАДЕМЕН, Қырғыз Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Олег ПАНКРАТОВПЕН және Тәжікстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Азим ИБРАХИММЕН осы мақсатта келіссөздер жүргізген болатын.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі