Қоғам

Мәшине де, автобус та шығарады

Мәшине де, автобус та шығарады

Интеграция

Семей машина жасау зауыты Қорғаныс министрлігінің тапсырыстарын орындаумен қатар, техниканың жаңа түрлерін шығаруды қолға алып отыр.
Әсіресе, Кедендік одаққа мүше болу оларға көптеген жеңілдіктер туғызыпты. Мәселен, 2012 жылы кәсіпорын «КамАЗ-дардың» қорабын жасауды қолға алған. Сонымен қатар, өндіріс орны жаңа жабдықтармен, соңғы технологиямен жабдықталып, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызылыпты. Машина жасау заводының директоры Нұрлан Омаровтың айтуынша, бүгінде «Минск автомобиль заводы» ААҚ-ымен келісім жасалып, белорустық әріптестермен бірге 8 тонналық жүк көтере алатын «МАЗ-892600» маркілі автотіркеменің екеуін шығарған, бұл әзірше қанатқақты жоба. «МАЗ» көліктерінен басқа мектеп автобустарын шығаруды да кәсіпорын жолға қойып отыр. «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ бойынша бұл жоба қорғалған, инвестициясы – 2 млрд. теңге көлемінде.
Зауыт ұжымының біліктілігі де жоғары деңгейде, сапа жөнінде ISO 9001:2008 сертификатына ие болған. Бүгінде бәсекеге қабілетті кәсіпорын ретінде танылған. Отандық өнімді өндіріп қана қоймай, шет елдерде де «Қазақстаннан шығарылған» деген белгіні танытып отыр. Бүгінде «ҚазТранс Газ» ұлттық компаниясы мен Төтенше жағдайлар министрлігі зауыттың өнімдеріне қызығушылық танытып отыр. «КАДЕХ-2010» халықаралық көрмесінде Ресей, Чехия елдерінің мамандары да кәсіпорын өнімдеріне қызығушылық танытып, соның нәтижесінде бірқатар келісімшарттарға қол қойылды.
Зауыт өздеріне қажетті мамандықтарды дайындайтын оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуды жолға қойған. Сондықтан да мұнда жұмыс істеуге жастар өте көп келеді. Соңғы жылдары қосымша 200-дей жоғары дәрежелі маман зауытқа жұмысқа келіп орналасыпты. Отандық өнім түрлерін молайту – басты міндеттердің бірі. Бұл әсіресе, Кедендік одаққа мүше болған елдер үшін экономика саласындағы едәуір ілгерілеушілік болып табылады. Ал бұл орайда Семейдегі машина жасау зауыты бүгінгі күннің талабынан шыға білген кәсіпорын екендігі рас. Зауыт бүгінде Ресейдің кәсіпорындарымен тығыз байланыс орнатып, арнайы жүк тягачтарын шығаруды жолға қойған. Мәселен, Мәскеудің «Геофизика» федеральды біртұтас кәсіпорны «Семмаш» зауытына үнемі тапсырыс беріп келеді. «Қазақстаннан шығарылған» деген отандық сапалы өнімдер Қиыр Солтүстік пен Заполярьеде де танымал болған. Бұл ғажайып техника деп баға берген екен ресейліктер. 70-120 градустық аяз бен 60 градустық ыстыққа төтеп бере алатын тягачтарды сатып алу үшін ресейліктер келісімшартты бірден 3-4 жылға жасап отырады.

Раушан Нұғманбекова

Осы айдарда

Back to top button