Қоғам

Мұса Жәлелге ескерткіш ашылып, Сабантой мерекесі өтті

Мұса Жәлелге ескерткіш ашылып, Сабантой мерекесі өтті

Өскемендегі Үлбі жағалауында Кеңес Одағының Батыры, татар халқының ұлы ақыны Мұса Жәлелге арналған ақынның мүсіні соғылды. Ескеркіштің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов және Татарстанның мәдениет министрі Айрат Сибагатуллин қатысты.
Бұл мүсінді тұрғызу идеясы қазақ пен бауырлас татар халқының ынтымағына ұласты.

Мұса Жәлелге ескерткіш ашылып, Сабантой мерекесі өтті

Ескеркіштің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов және Татарстанның мәдениет министрі Айрат Сибагатуллин қатысты. Облыс орталығындағы А.Протозанов пен Қ.Қайсенов көшесінің қиылысында татар ақыны Мұса Жәлелге арналған ескерткіштің ашылу салтанатын көруге келген халықтың қарасы көп болды. Шараға ақынның туған жерінен келген «Татарстан – Новый Век» телеарнасының түсірілім тобы да қатысты.
-Бүгін – шынымен де айтулы күн. Кең құшағына 130-дан астам ұлт өкілдерін сыйғызған қазақтың жерінде бүгін қаншама халық тату-тәтті достықта өмір сүріп жатыр. Бұл – біздің, қазақ халқының басты артықшылығы,- деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өзінің құттықтау сөзінде.
Мұса Жәлелдің құрметіне ақынның өлеңдері оқылып, татар ұлттық билері орындалды. Қаламы мен қаруын тең ұстаған татар ұлының ескерткішінің тұсауы кесілгеннен кейін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қолдарына гүл ұстаған жиналған қауым батырды бір минут еске алды.
Сондай-ақ, іс-шара этноауылда татар ұлтының ұлттық дәстүріне айналған Сабантой мерекесімен жалғасты. Мерекеге жиналғандар концерттік бағдарламаны, спорт жарыстарын, ұлттық ойындарды, татардың ұлттық дәстүр-салтын тамашалады. Облыстық Достық үйі мен татар этномәдени бірлестігі ұйымдастырған игі шараға алыс-жақыннан қонақтар келіп қатысты.

Ернар Мамырбеков

Осы айдарда

Back to top button