Руханият

Мұражайдағы құнды мұралармен танысып қайтты

Мұражайдағы құнды мұралармен танысып қайтты

Бүгінде Тараз қаласында тұратын Әнуар Төлендіұлы туыстарымен бірге «Дидар» газетінің редакциясында болып, басылымның мұражайымен танысып қайтты.

Мұражайдағы құнды мұралармен танысып қайтты

Әнуар Төлендіұлы кезінде «Жұмысшы» (бүгінгі «Дидар») газетінің екінші бас редакторы болған, басылымға 1937-1939 жылдары басшылық жасаған, Жамбыл облысының тумасы, әкесі Төленді Баймұратовтың еңбектерімен танысып, қызмет істеген қара шаңырақты көру үшін арнайы келіпті.
Қонақтарды мұражайдағы газет тарихынан сыр шертетін құнды мұралармен, тың деректермен жазушы, ардагер-журналист «Дидар» газетінің бұрынғы бас редакторы Айтмұханбет Қасымов жан-жақты таныстырды. \”Дидар\” газеті бас редакторының орынбасары Азамат Қасым қонақтарға басылымның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы әңгімелеп берді.

Мұражайдағы құнды мұралармен танысып қайтты

-Шағын мұражайда көптеген құнды деректермен таныстық. Жерлесіміз Төленді Баймұратов, осы газетте қызмет еткен өзге де бас редакторлар, журналистер жайындағы деректерді оқып ерекше сезімге бөлендім. Осындай мұражай ашып, газет тарихына, онда қызмет еткен, басқарған адамдарға ерекше құрметпен, асқан ыждахаттылықпен қарағандарыңыз үшін жамбылдық, сарысулық жерлестерімнің атынан алғысымды білдіремін, -дейді ғалым-зоотехник, Сарысу ауданында ұзақ жылдар басшылық қызмет атқарған Кәрібек Ерсейітов.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button