Қоғам

Мұражай қоры көне самаурынмен толықты

Мұражай қоры көне самаурынмен толықты

Облыстық сәулетті-этнографиялық және табиғи-ландштафты мұражай-қорығы жаңа көне жәдігермен толықты. Мұражайда осы уақытқа дейін керосинмен қайнатылатын жалғыз самаурын болса, енді олар екеу болды. Жәдігер жиырмасыншы ғасырдың басында жасалыпты.
-Керосинмен қайнатылатын самаурындар өте сирек кездеседі. Мұндай ыдыс негізінен Кавказда тараған, өйткені ол жерде сол кездің өзінде мұнай өндірісі дамығандықтан, керосин мейілінше арзан еді. Мысалы, Азербайжан керосин лампасының отаны болып саналады, – дейді мұражай-қорығының ғылыми қызметкері Роман Нечаев.
Алайда, самаурынды ойлап тапқан орыстар екен. Роман Нечаев Еуропада оны өткен ғасырда «орыстардың шай машинасы» деп атағанын айтады.
Біздің дәуірімізге керосин самаурындар дәстүрлі самаурындарға қарағанда аз жеткен. Мұражайда көмірмен қайнайтын самаурындардың жүздеген түрі болса, керосин самаурын енді екеу. Олардың әрқайсысы ерекше, өйткені, ол кездің шеберлері заттарды топырлатып шығармайтын. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, көне жәдігер нағыз антикварлық құндылық болып табылады.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button