Қоғам

Мұнай бағасы жақын болашақта өспейді

Мұнай бағасы жақын болашақта өспейді

Мұнай бағасы жақын болашақта өспейді

Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) сарапшылары мұнай нарығындағы шамадан тыс қара алтын қоры алдағы он жылда таусылмайтынын айтып болжам жасады. Сондай-ақ, оның құны 2020 жылға дейінгі аралықта қымбаттамақ емес.
Агенттік мамандары жүргізген есеп-қисапқа сүйенсек, кейінгі бес жыл көлемінде мұнайға сұраныс жыл сайын бар-жоғы 1 пайызға ғана өсіп отырмақ.
ХЭА-ның хабарлауынша, мұнайдың бір баррелін 80 долларға сату 2020 жылға дейін ешқандай мүмкін емес. Тек 2040 жылдарға қарай ғана сұраныс мөлшері күніне 103,5 млн. баррельді құрамақ. Ал қазір бұл көрсеткіш бар-жоғы 94,5 млн. баррельден аспайды. Сол секілді әртүрлі бағалаулар бойынша мұнайдың артық қоры қазір күніне шамамен 1-ден 2 млн. баррельге дейінгі мөлшерде сақталған.

«Toshiba» 7 мың жұмыскерін қысқартпақ

Әлемге әйгілі жапондық «Toshiba» компаниясы дағдарысқа байланысты қайта құрылымдау шараларын белсенді жүргізуге кірісті. Нәтижесінде жеті мың адам жұмыстан қысқартылмақ.
Қысқартулар негізінен телеарналар, жеке компьютерлер және тұрмыстық техникалар шығару бөлімдерінде жүргізілмекші.
Бұдан басқа компания Индонезиядағы зауытын және Токиодағы зерттеу кешенін сататынын жариялады. Сарапшылардың есебінше, «Toshibaның» шығыны осы жылдың аяғына дейін 4,5 миллиард долларға жетеді деген болжам бар.
Сонымен қатар компания басшылығы басқа әріптестерімен бірге альянстар құру жоспарының бар екендігін де жоққа шығармайды. «Toshiba» акциялары Токиодағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 10%-ға арзандады.
Естеріңізге сала кетейік, мұндағы проблемалар есеп-қисаптың жалған жүргізілуінен кейін басталған. Компания басшылығы жеті жыл бойы таза кірісі туралы жалған мәліметтер беріп келген.

Аргентинаның ақшасы арзандады

Әлемнің көптеген мемлекеттері бастан кешіріп отырған жағдай Аргентинаны айналып өтпеді. Кешелі бері аталған елдің песосы девальвацияға ұшырап, 30%-ға арзандады.
Қазіргі президент Маурисио бұл өзгерісті үміткер кезінде-ақ қалайтынын айтқан. Саясаткер валютаны ұдайы бақылауда ұстаудың тиімсіз екенін жасырмайды. Керісінше, валютаны еркін айналымға жіберу ел экономикасының өркендеуіне жол ашады деп отыр.
– Президенттің ұстанған саясаты дұрыс. Біз қалыпты жағдайға енді келдік. Барлығын бақылауда ұстап, инфляция жоқ деген жалған ойдан арылдық. Қазір болып жатқан өзгеріс оң нәтиже беретіне сенімдімін. Еркін экономикалық дәліз валютаның шынайы бағасын анықтайды, – деп түсіндіреді қаржы саласының қызметкері Карлос Фернандес.
Бұған дейін аргентиналықтар 1 АҚШ доллары үшін 9 песо беріп келді. Әрбір тұрғын айына тек 2 мың доллар ғана ала алды. Ал қара базардағы 1 АҚШ доллары 13 песоға сатылған.

Шығыс-ақпарат

Осы айдарда

Back to top button