Қоғам

Мүмкіндігі шектеулі балаларға мереке ұйымдастырылды

Мүмкіндігі шектеулі балаларға мереке ұйымдастырылды

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы «Бақытты отбасы» және «Кедергісіз келешек» жобалары аясында балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен «Мейірімділік пен жылу пойызы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Шерубаев құттықтау сөзінде халықаралық мереке ересектердің бала алдындағы жауапкершілігі мен қамқорлығын арттыра түсетінін атап өтіп, қолдау көрсеткен барша демеушілерге алғыс айтты. 80-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балаға партия атынан сыйлықтар табысталды. Концерттік бағдарламада «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балаларымен қоса, Қазақстан-Американ еркін университетінің студенттері, №3 мектеп-гимназиясының, №35 мектептің оқушылары және «Гармония» ән тобы мен «Жалын» би тобының мүшелері өнер көрсетті.
– Маған мерекелік шара өте ұнады. Осындай концерттерде ән айтып жүру менің сүйікті ісім, – дейді «Үлбі» орталығының жезтаңдай әншісі Қуаныш Бекенов.
Өскемендегі Жастар паркінде өткізілген бұл шара мереке қарсаңында баларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жансая Қамбарова

Осы айдарда

Back to top button