Қоғам

Минералды су өндіретін зауыт іске қосылады

Тасқын Болатұлы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Зайсан ауданында минералды су өндіретін «Арна Минералс» зауыты іске қосылады. Зауыт жылына 27 миллион литр минералды суды өндіреді деп жоспарланған.

Кәсіпорын өз өнімін тек облыс аумағында ғана емес, республика аумағында да сатуды көздейді.

– Шекара маңындағы аумақтарды дамыту жоспарына сәйкес, Зайсан ауданында кәсіпкерлік саласында 190 миллион теңге сомасына төрт іс-шара жүзеге асырылды. Маңызды жобалардың бірі – «Арна Минералс» зауытының құрылысы. Оны республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай іске қосуды жоспарлап отырмыз, – деді Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин.

Қазіргі таңда ауданның агроөнеркәсіп саласына 309 миллион теңге бөлініп, тоғыз жоба жүзеге асырылуда.

Осы айдарда

Back to top button