Қоғам

Миллион тонна астықты сақтайды

Азамат Темірбеков

Өңірдегі дәнді дақыл сақтап, астық кептіретін сегіз элеватор мен меншікті қоймалардың әлеуеті 1 млн. тоннадан астам астықты сақтауға жетеді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады. Облыста жемшөп дайындаумен қатар егін ору жұмыстарының да басталғаны белгілі. Биыл жалпы егін жиналатын алаң 1,3 млн. гектардан асып жығылады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17 мың гектарға көп. Мамандардың болжауынша, астықтың жалпы түсімі 793 мың тонна болып, орташа өнімділік гектарына 13 центнерді құрайтын көрінеді. Сонымен қатар дәнді дақылдардың да жалпы түсімі өткен жылғы деңгейден жоғары болады деп күтілуде.Қазіргі уақытта жиналған өнімді өңдеу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерде тәулігіне 12 мың тонна астықты кептіре алатын 300 механикаландырылған ток пен 90 кептіргіш жұмыс істеп тұр. Бұған қоса, аталмыш шаруаға астық сақтайтын 8 лицензияланған элеватор да кіріскен. Жалпы айтқанда, облыстағы элеваторлар, астық қабылдау кәсіпорындары мен меншікті қоймалар шамамен 1 млн. тонна астықты сақтауға мүмкіндік береді.

Осы айдарда

Back to top button