Сайлау-2022

Министрлік құруды ұсынды

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Түркістан қаласының жұртшылығымен жүздесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Кездесуде қоғамдағы өзекті сұрақтар мен туризмді дамыту мәселелері талқыланды.

Қ.Әбден атап өткендей, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мәдени мұра нысандары көп Түркістанның туристік әлеуеті зор.

– Түркістанның тарихи маңызын, осындағы киелі жерлердің көптігін ескере, ішімдік сатудан бас тартқан алғашқы қалалардың бірі атануына барлық мүмкіндік бар, – деді ол.

Сондай-ақ Қ.Әбден отбасы және демография министрлігін құруды ұсынды. Кандидат атап өткендей, қазір отбасы мәселесі түрлі ведомстволардың арасында шашырап жүр.

– Отбасы және демография мәселелерімен айналысып жүрген ведомстволардың арасында өзара байланыс жоқ. Отбасы институтын бұлайша қолдау мүмкін емес. Бізге ең алдымен отбасы, оның тұтастығы, бақытты болуы маңызды, – деді кандидат.

Үміткер халық санының өсуі мен берік отбасы – кез келген ел ұмтылатын басты мақсат екенін айтты.

 

Осы айдарда

Back to top button