Қоғам

Мүгедектердің мүддесін көздеуден асқан міндет жоқ

Кеше облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыруға арналған өңірлік семинар-кеңес болып өтті. Оған бірқатар басқарма басшылары, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және сала мамандары қатысты.

Мүгедектердің мүддесін көздеуден асқан міндет жоқЕлбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ 2008 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедектер құқығы туралы конвенциясына қол қой-ған болатын. Осы қадам арқылы Қазақстан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты ха-лықаралық стандарттарды орындау міндет-терін мойнына алды. Бүгінгі таңда БҰҰ-ға мүше 149 елдің 103-і бұл конвенцияны бекіткен. Біздің мемлекет те осы халықаралық құ-жатты бекітуге ниеттеніп отыр. Осы мақсатта Үкімет ағымдағы жылы мүгедектердің құқы-ғын қамтамасыз ету және тұрмыс жағдай-ларын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын дайындап шыққан-ды, ол 2012–2018 жылдарға арналған. Жоспардың ал-ғашқы кезеңінде республика заңдары конвенция нормаларына сәйкестендірілуі тиіс.

Кеңесте басқарма бастығы Ольга Кузовлева конвенцияны бекітуге өңіріміздің дайындығы жайында баяндама жасады.

– Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды көп жағдайда қоғамдық өмірден ажырап қалған деуге болады. Өкінішке қарай, оларға өз құқықтарын арнайы халықаралық конвенцияға сүйене отырып қорғауға тура келеді. Конвенцияның талаптары біз үшін әлі атқарылуы тиіс міндеттер болып саналады, – дейді ол.

Әлемде мүгедек жандардың саны барлық халықтың он пайызын құрайды. Қазіргі уақытта елімізде мүмкіндігі шектеулі 407 мың адам тұрады. Олардың 56903-і – Шығыс Қазақстанда. Басқарма маманының сараптамасына сүйенсек, облыстағы әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымдардың 80 пайызы бүгінде мүгедектер үшін қолжетімсіз. Бұл кедергілерді жою үшін жоспар бойынша алдағы екі жылдың ішінде әлеуметтік нысандардың қолжетімділік деңгейін төлқұ-жаттау көзделуде. Соның негізінде мемлекеттен қаржы бөлініп, қоғамдық орындар мүгедектерге қолжетімді бола түспек. Яғни, ғимараттарға пандустар салынып, есіктер кеңейтіледі және басқа да жұмыстар атқарылады. Ал жоспардың екінші және үшінші кезеңдерінде мүгедектерді оқыту, жұ-мыспен қамту, түрлі салалардағы бастамаларын ынталандыру, телебағдарламаларды эфирге субтитрмен немесе сурдоаударма-мен шығару шараларына көңіл бөлінеді.

Жиында облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Аманбай Нұркенов, облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Ирина Смит, «Берегиня» отбасын қорғау орталығының жетекшісі Валентина Богомолова жоспарға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button