Қоғам

Металлургтер саябағы көркейеді

Металлургтер саябағы көркейеді

Өскеменде Металлургтер саябағын абаттандыру жұмыстары басталады. Таяу күндері демалыс аймағының бас жоспары сараптамаға жіберіліп, тиісті құжат мақұлданысымен мамандар іске кіріспек.
Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықовтың айтуынша, саябақта санитарлық тазалық жүргізіліп, дүңгіршектер сыртқа шығарылды.
– Бұл жерден кәсіпкерлерді ешкім қуалап отырған жоқ. Кәсіптерін жалғастыра берсін. Алайда, мұндағы аттракциондар мен өзге де нысандардың қалай болса, солай орналасуына жол бермейміз. Арнайы әзірленген тәртіп пен талап бар. Дүңгіршектер бірдей талапқа сай үлгіде реттелуі тиіс, – деп атап өтті бөлім басшысы.
Сонымен қоса, бөлім басшысы саябақтағы жұмыс орындарының сақталатынын айтты. Өткен жылы демалыс орнында үш жүзден астам адам еңбек етсе, биыл олардың саны 500 адамға дейін көбеймек. Жергілікті билік бұл жұмыстарға студент жастарды, жұмыссыздарды тартуды көздеп отыр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button