ТОП

Мешітке апарар жол – 150 миллион теңге

Семейліктер жылдар бойы күткен мешіттің де құрылысы аяқталды. Енді мешіттің маңында тағы бір құрылыс басталайын деп тұр. Бұл туралы облыс басшысы Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

– Солтүстік және оңтүстік бағыттағы жаяу жүргіншілер өткеліне 150 миллион теңге бөл тапсырылды. Жалпы, сол жағалаудағы жаңа мешітке жол ашатын бұл жоба аса қажет, – деді әкім өз жазбасында.

Тиісті қаражат бөлінген соң тұрғындар мешітке жаяу жүргіншілер өткелі арқылы барады. Аймақ басшысы көпір тұрғындарға қолайлы болады деп отыр.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button